Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Ұшты, ұшты – әкім 26 миллионға ұшты

malim Авторы: malim
26.11.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Даниал Ахметов басқаратын Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі тендер арқылы  26,7 миллион теңгеге тікұшақпен тасымалдау қызметін сатып алған. Бұл қызметті өтпей қалған ашық конкурс нәтижесі бойынша бір көзден –  “Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі” Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының қазыналық кәсіпорнынан алған. Бір көзден сатып алу бойынша жарияланған тендер 20 қараша күні аяқталды.

Тендердің техникалық ерекшелік құжатына қарағанда, жеткізуші кез келген сәтте тапсырыс берушіні облыс ішінде тасымалдауға дайын болуы тиіс. Тікұшақтар Өскемен қаласының әуежайында тұруы қажет. “Қызмет көрсету Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағы бойынша 2020 жыл ішінде демалыс және мереке күндері күн сайын қажет;  Тікұшақ фюзеляжының ішінде кемінде 22 адамды тасымалдауға мүмкіндігі бар болуы тиіс; Тапсырыс берушінің жазбаша немесе ауызша өтінімі берілген сәттен бастап 1 сағат ішінде шұғыл ұшып шығуды қамтамасыз ету керек”, – делінген тендердің техникалық ерекшелік құжатында.

Жеткізуші бұл қызметті 2020 жылдың аяғына дейін көрсетеді. Талап бойынша, жыл аяғына дейін кемі 38 сағат қызмет көрсетуі керек.

Тікұшақ 22 жолаушымен қатар 3 мың келіге дейінгі жүкті тасымалдай алуы керек. Жеткізушіде “жазық және таулы жерлерде 2000 метрден кем емес биіктіктен асатын тікұшақпен, сондай-ақ қысқы және жазғы уақытта ұшуларды орындау мүмкіндігі болуы керек.Жеткізушінің әуе комитетінен алынған тіркеу куәліктері және тікұшақты қондыру үшін кемі екі пилоты болуы тиіс.

Tags: Даниал АхметовШҚО әкімдігіШҚО әкімдігі тікұшақ тендерШҚО әкімі Даниал АхметовШығыс ҚазақстанШығыс Қазақстан облысыШығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов

Ұқсас жазбалар

Фото: expertonline.kz

Жовтис басқаратын ұйымның қызметі үш айға тоқтатылды

Авторы: malim
25.01.2021
0

Алматы қаласы Әуезов ауданының кіріс басқармасы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның қызметін үш айға тоқтату және 200...

Митинг түгілі “Қалаулымға” да шығармайды

Авторы: Қанат Тілеухан
25.01.2021
0

Қоғамдық белсенді Кербез ЕГІНБАЕВА «Қосылайық» (бұрынғы Қалаулым ) бағдарламасына Нұрсұлтан есіміді жігітпен танысуға барған. Кербез Қазақстан телеарналарында қаншалықты цензура барын...

Сурет: tabnak.ir

Иран баспасөзі: Кетіп қуантқан президент

Авторы: Қуанышбек ҚАРИ
25.01.2021
0

Тегеран Байденнің билікке келгеніне емес, Трамптың басшылықтан кеткеніне назар аударды. Жергілікті баспасөздің бірі Трампты экс-президент Ахмадинежадқа теңеді. 20 қаңтарда Америка...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Нұрәли Әлиевтің соттағы сөзі

09.04.2020

Қытай елшісі: АҚШ-тың Сайрагүлді марапаттауы – барып тұрған арандату

07.03.2020

Өздерінің «Nur Otan» партиясының мүшесі екенін білмейтіндер бар

26.09.2020

Қызылордада коронавирусты емдейтін емші шықты

29.07.2020

Адвокат Құспан президент жолдауына пікір білдірді

01.09.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!