457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Өскемен қаласының №2 сотында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты:

  • ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы (өзiне немесе басқа адамдарға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану),
  • 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бопсалау) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта не анықталды?

2024 жылы 4 маусымда полиция қызметкерлері, яғни З., Н., Н. азамат С.-ның жеке өміріне қатысты кейбір деректі біліп, материалдық пайда табу мақсатында сөз байласқан. Ойларын жүзеге асыру барысында, олар қызметтік жағдайын пайдаланып, алынған бейнежазбаны таратамыз деп қорқытып, азамат С.-дан ақша талап еткен.

6 маусымда жәбірленуші С. 3 000 000 теңге сомасындағы ақшаны ШҚО ПД ҰҚҚК қызметкері З.-ға тапсырған.

Дәлелдер 

Бұл жағдай жәбірленушінің және куәлардың айғақтары, әңгіме жазбасы, сараптама қорытындылары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен дәлелденген.

Сот шешімі

Сот ауырлататын мән-жай ретінде сотталушылардың қабылдаған антын бұзғанын, ал жеңілдететін мән-жай ретінде олардың кәмелетке толмаған балалары барын ескерген.

Сот қылмыстар жиынтығы бойынша З.-ға 6 жылға, Н. және Н.-ға 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

З., Н. және Н. мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Polisia.kz