Буллингке ұшыраған оқушы қалай әрекет етуі керек?

  • 07.12.2020
  • Malim Админ

Мектеп оқушылары өзіндік мені қалыптасып келе жатқан кезде буллингке жиі ұшырап жатады.  Психологтардың айтуынша, денсаулығы, физикалық және  психикалық тұрғыдан дамуы бірдей болса да өзіне сенімсіз бала әлімжеттік көреді.  Мұндай кемсітулер көп жағдайларда бастауыш сыныптарда басталып, оқушы мектепте аяқтағанша созылады. Қысым көрген оқушының мінезі, ойлау жүйесі, сырт келбеті басқалардан ерекшелеу болуы мүмкін. Мүйіздеуге ұшыраған мектеп оқушысы көп жағдайда мынадай әрекеттерге баратыны анықталған.

https://www.youtube.com/watch?v=c2046pR7iHg

МҰҒАЛІМГЕ АЙТҚАН ЖАҒДАЙДА...

Қорлау жағдайын бастан кешіргенде бала мұғаліміне барғанда  мәселе толық шешіліп кете ме?  Мұндай кезде оқушыға ұстазы қандай көмек көрсетуі мүмкін?  Бала  мұғалімге жүгінгенде проблема одан сайын ушығып кетпей ме?  Бейнематериалдың бірінші бөлімінде оқушының буллингті  ұстазы арқылы шешу әрекеттері көрініс табады.

https://www.youtube.com/watch?v=7qIyvbCqfZ8&t=18s

АТА-АНАҒА ЖҮГІНГЕНДЕ...

Жапа шеккен оқушы мәселені ата-анасына айтқанда жағдай қандай сипат алуы мүмкін?  Проблеманы шешуге ата-аналардың араласуы жағдайды оңтайландыра ма, әлде қиындата ма?  Бала буллинг көргенде әкесі мен анасы қандай қадамға барғаны жөн?   Келесі бөлімде оқушының ата-анадан көмек сұраған жағдайдағы дұрыс-бұрыс әрекеттер көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=Yxp2ffsixJg

ОҚУШЫ ӨЗІ ӘРЕКЕТТЕНГЕНДЕ...

Мектеп оқушылары буллинг жасалғанда оны өзі шешкісі келетін жайттар аз емес. Бұл әрекеттің бала үшін кемшін тұстары да, пайдалы жағы да бар.  Кейде жәбір көруші проблемамен достары арқылы күресетін белгілі. Мұндай шешімдер балаға қалай әсер етуі мүмкін.   Осы сауалдарға психолог Лимана Құттыбекқызы жауап беріп, көзқарасын білдіреді.

https://www.youtube.com/watch?v=-gpas5KW218

Буллинг проблемасының түйінін шешу баланың ата-анасы, мұғалімі мен тікелей өзіне қатысты. Егер осы үш тарап бірлескен кезде қандай әрекеттер жасалуы мүмкін?!  Тәжірибелі маман  буллингті оңтайлы шешу жолдарын да ұсынды.

https://www.youtube.com/watch?v=Soaul2eWsaQ

Бейнероликті  Unsiz qalma – YOUTUBE арнасынан, @unsiz.qalma инстаграм парақшасынан көре аласыздар.

Бұл жоба АҚШ даму агенттігі (USAID) арқылы “Media CAMP — Орталық Азия” бағдарламасы аясында дайындалды. «Únsіz qalma» ұжымы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың, АҚШ үкіметінің немесе  Internews ұйымының ұстанымына сай келмеуі мүмкін.

Байланысты жаналықтар

Шымкенттік ұстаз - «100 жаңа есім-2021» жеңімпазы

30.04.2021

«Қайсарда» қазақша сөйлеуге тыйым салған. Әбдіқалықова оны біле ме?

31.10.2020

Министр Аймағамбетов ата-аналарға ескерту жасады

03.02.2020

Тао Порчон-Линч: “Тыныс алуды үйрен. Тыныштықты сезін” 

03.05.2021

Кәсіптік білім беру ағылшын тіліне көшіп жатыр

05.02.2020

Сапарбаевтың бұл сөзіне сенгіміз-ақ келеді...

24.11.2020