Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

67 көлік соқтығысқан: қаза тапқандар бар

Әлем
67 көлік соқтығысқан: қаза тапқандар бар
Фото: видеодан скрин

26 желтоқсан, жұма күні Жапонияның жылдам жолында қарлы ауа райында жаппай жол-көлік апаты орын алып, 1 адам қаза тауып, 26 адам жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz. Associated Press-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Жапонияда жаңа жылдық мерекелер басталған уақытта болды.

Гумма префектурасының жол полициясы хабарлағандай, Кан-эцу автожолындағы апат Минаками қаласында екі жүк көлігінің соқтығысуынан басталған. Қаза тапқан – 77 жастағы Токио тұрғыны, ал жараланғандардың 5-і ауыр жағдайда.

Жүк көліктерінің соқтығысуы жол бөлігін жауып, арттағы көліктердің қарлы бетке тоқтай алмауына әкелді. Нәтижесінде 50-ден астам көлік қатысқан апат болды. Кейбір көліктерде өрт шығып, олар толықтай жанып кеткен. Өрт шамамен 7 сағат ішінде сөндірілді, адам зардап шеккен жоқ.

Жолдың бір бөлігі тергеу жүргізу, зақымдалған көліктерді эвакуациялау және жолды тазалау үшін жабық болды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу