Ақын Айтақын Әбдіқалов өлеңдері

МҰҚАҒАЛИ КӨШЕСІ
Мұқағали жүріп өткен көшемен
Жүріп өтіп,ойға баттым кеше мен
....Жырға іңкәр,дара тұлпар сол ақын,
Бұл көшеде тудырды екен неше өлең?
Осы мағда кездесті екен кімдермен?!
...Тоқаш ақын жолықты ма бұл жерден?..
Жалған дүние-ай,талай асыл жоқ бүгін,
Алға жылжып бара жатыр Жыл-Керуен?!
Міне,мынау -Жазушылар одағы ,
Аздау қазір қаламгердің қонағы...
Еркелердің саны кеміп қалғандай ,
Ал,одақта көп өзгеріс жоқ әлі .
Мынау-қала..Мынау-көшең...Мынау-бақ..
Жылдар зулап,өтіп жатыр сыр аулап!?!..
Аман жетсең осы күнге ,Мұқа аға!
Тұрар ма едің көк шалғынға бір аунап?!
Үкі тағып әшекейлі жүгенге,
Мінер ме едің''Қос қанатты Күреңге?!''
Тұлпар мінсе арқаланып кететін,
Тауға ұқсас өр мінез бар бұл елде
...Бәрі орнында..Орманды тау..Қырларың,
Самғап ұшты Ақ қанат Құс-жырларың,
Ғұмырыңды мәңгілікке жеткізген,
Отты өлеңің,сезімге бай сырларың!...
...Ақын жатқан зират толы көк белге,
Зиярат етем күзде,қыста,көктемде?!
Бозқараған боз даладан әкелген0
Тас мүсінді гүлге бөлеп,көктеуде!
Өзен кешіп,асып небір белдерден,
Іңкәр дүние-ай,бал сезіммен тербелген
Жыр мен сырың-ұранындай ұрпақтың,
Өркені өсті Қарасазың сен келген!
Зерделесең жүрек толқып,қызығар,
Бұл көшеде-МҰҚАҒАЛИ ізі бар!
Тасқа айналып үнсіз отыр өлі ақын,
Амалсыздан көңіл толқып,бұзылар!
Көше қалды мәңгі ғұмыр- сөзі боп,
Ескерткіш тұр тау тұлғаның өзі боп.
Мұқағали даңқы қалды-Жырдастан,
Бұл пәниде аты мәңгі!
Өзі жоқ.....................................
...Қарасу да,Қарасаз да қалпында,
Жетпейтіні -тау тұлғалы нар тұлға!
Жыр жампозы өткенімен өмірден,
Өркені өсіп келе жатыр артында!
...Мұқағали жүріп өткен көшемен
жүріп өтіп ойға баттым кеше мен!?!
Ұлы бейне көрінбейді,апыр-ау
Көкке ұшырып әкетті ме,...Досы - ӨЛЕҢ!?!.
СЕН ӘКЕҢНІҢ АТЫНА КІР КЕЛТІРМЕ
Әкем айтқан:
– Өзің үшін өзгені сатпағын деп,
Мақтанба елдің жүгін ақтадым деп.
Балам, қазір бастаудың басысың сен,
Өзен болып ашылып аққаның жоқ.
– Балам,– деген:
– Адам күні өтеді адамменен,
Сен әкеңнің атына кір келтірме.
Пейіш деген сол болар маған деген.
Тек жіберме, қарағым, бір күніңді,
Адамша өткіз осынау тірлігіңді.
Елдің бәрі қимылдап жүрген кезде,
Жауып тастап жатпа сен түндігіңді.
Жанар кезде жалындап жана білгін,
Аларыңды өмірден ала білгін.
Мүмкін емес, қарағым, мүмкін емес,
Мәңгі солмай тұруы лала гүлдің.
Ізден! Үйрен! Біл Бәрін! Ала білгін!

Самое читаемое
