Міржақып Дулатұлының жырлары
Міржақып Дулатұлы (1885-1935) – қазақ ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы. ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі. «Алаш» партиясын құрушылардың бірі. «Оян, қазақ» кітабының авторы. 1885 жылы 25 қарашада Торғай уезінің Сарықопа болысына қарасты №1 ауылда дүниеге келді (қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданының Қызбел ауылы). 1930 жылы ол Ақ теңіз-Балтық каналын салуға қатысты. Қайраткер 1935 жылы 5 қазанда Карелия Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының (Автономиялық Советтік Социалистік Республикасы) Беломорск ауданының Сосновец теміржол станциясында қайтыс болып, сол жерде жерленді.
ҚОБЫЗШЫ ІНІМЕ
Талай елді аралап,
Талай жерді саралап,
Біз келеміз бұл күнде,
Елге үлгі шашқандай,
Дұшпанның көңілін басқандай,
Айбарлы едік бір күнде.
Толықсыған эаманға,
Қаратылған амалға,
Елден ауып көшкен соң,
Ұшырап сапар шеккен соң,
He демес көк ми надандар?
Серпіліп тұман ашылар,
Қамыққан көңіл басылар.
Бейнетті қанша көрсем де,
Іздеймін жолын Алаштың,
Дұшпанменен таластым.
Бермейміз елді қорлыққа,
Көнбейміз бекер зорлыққа,
Соны кектеу түрі бар.
Шырағым Даулет, сен-дағы,
Біздің жолға ер дағы,
Талаптың мін тұлпарын.
Саған болсын бұл нұсқа,
Бұл нұсқаны берік ұста,
Алғырдан туған сұңқарым.
Түзелмес заман жайланып,
Басқа дәурен айналып,
Сонда бізге ерерсің,
He қызықты көрерсің.
Кешеден бергі қызмет
Еткеніңе рақмет.
Қайырлы болсын талабың.
ҚАЙДА ЕДІҢ
Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын, сонда қайда едің?
Ақыл таппай дағдарып,
Жан ашыр таппай сандалып,
Барарын қайда біле алмай,
Жүрген бір күнде сан ғарып –
Есепсіз көп шешендер,
Жөніңді айтшы қайда едің?
Сарыарқа сайран жерлерім,
Көк орай шалғын көлдерім,
Бәрін жауға алдырып,
Асқар тау - биік белдеірім.
Қысылып қазақ тұрғанда,
Данышпандар, қайда едің?
Атадан бала айрылып,
Қанаты сынып қайрылып,
Қасірет толып жүрекке,
Тұрған бір кезде қайғырып,
Толып жатқан қамқорлар,
Елде жоқ едің, қайда едің?
Құландай үркіп елдерің,
Қалдырып мекен жерлерін,
Жаяу, жалпы, жалаңаш,
Қатын, бала, ерлерің
Аштықтан кырғын тапқанда,
Сыпыра жомарт, қайда едің?
Кедейдің сорын қайнатып,
Майданға жасын айдатып,
Тіл жоқ, кез жоқ, басшы жоқ,
Өлімге басын байлатып –
Жіберерде, жаным-ау,
Жан ашыр, жақын, қайда едің?
Енді бүгін кім жаман?
Данышпан емас, кім надан?
Қамқор емес, кім жауыз?
Жомарт емес, кім сараң?
Көсем емес, кім жалтақ?
Шешен емес жоқ адам.
Бәрі білгіш, бәрі де ер,
Жеткіздің, алла тағалам.
ТАҢ
Жарық болды, бозарып, міне, таң атып,
Биік тауға сәулесін тегіс таратып.
Үнсіз тоғай көгере жана бастады,
Айнадай суға көлеңқе түсіп тағы атып.
Шілденің күні ыстығымен қыздырып,
Құстар қонды қамысты көлді жаратып.
Дуадақ пақыр шөлден жалғыз қашпайтын,
Қалыңға кеп бекінді аңдар жан атып.
Кімге пайда, кімге зиян атқан таң,
Алмақшымын оқушыға сынатып.
МҰҢ
Сенімсіз басым, пайдасыз жасым арманда
Жетермісің тілегіңе жалғанда?
Қан тамшылап тұрса да көзден жас ағып,
«Сенікі жөн», - деп кұлаққа ілген жан бар ма?
Елең етер намысқа қызып жігіт аз,
Бұл не ғажап - жұрт керең боп қалған ба?
Мен не болсам, болайын саған садақа,
Сүйікті жұртым, қақпанға түсіп алданба.
Сырты тұнық, іші лай жауын бар -
Жаны ашитын жақын сол деп малданба.
Жұрттығыңды жоғалтпай әлден, басың қос,
Озу қиын көмбе жерге барғанда.
Бола берме, жазған қазақ, жасқаншақ,
Күнің жетті мұңыңды шағып зарларға.
Аксақалдар көсемдік қылса, ел бастап,
Ер артынан, жас азамат, арланба!
Шаш өсірген орысша оқып жас жандар,
Жолды көрсет адаскан елге, паңданба.
Жұрт пайдасы деген жолдан тартынбай,
Дәулетіңмен жәрдем тигіз, байлар да.
Шариғат сатып мал жиғанға салынбай,
Ағарт, жұртты, молдекелар, қамдан да.
Сен де қысқарт ақынсымай сөзіңді.
Сырың мағлұм, жат тынышыңа жайлан да.
АЛАШҚА
Көк майса бетегелі жерің қайда?
Күмістей толқындаған көлің қайда?
Ың-жың боп жер қайысқан төрт түлікпеи,
Жөңкіліп, көшіп қонған елің қайда?
Көтерген ақ киізге ханың қайда?
Қиғаш қас, бидай өңді ханым қайда?
Түнерген сыртқа айбынды іргең бүтін,
Бір кезде басқа қонған бағың қайда?
Қақ жарған қара қылды биің қайда?
Ақ орда би түсетін уйің қайда?
Салтанат Сарыарқада құрған қазақ,
Толықсып жүрген кеше күнің қайда?
Шаң жұтқан текежәуміт атың қайда?
Қалдырмас жауға тастап жақын қайда?
Ұшқыр ат, түзу мылтық, болат найза,
Киінген көк дулыға батыр қайда?
Қамығып канға толған жүрек қайда?
Бұрқ еткен бір ауыздан тілек қайда?
Жаяуға ат, жалаңашқа киім болып,
Қарасқан нашарыңа көмек қайда?
Бермейтін ел намысын ерің қайда?
Сүйенер қысылғанда белің қайда?
Өйткені айтқаны екі болмайтұғын,
Асыл зат артық туған бегің қайда?
Шалдырмас топтан тура шешен қайда?
Ұлықпен ел бастаған көсем қайда?
Қазағым, қазакшылық қалпың менен
Даңғыл жол сайрап жатқан көшең қайда?
Кемеңгер дұғалы ауыз кәрі қайда?
Дертіңе шипа болар дәрі қайда?
Масайрап кімге сеніп қарысасың,
Жауап бер, осылардың бәрі қайда?
Жауап сол: еткен дәурен қайта келмес,
Қаншама өксігенмен тағдыр көнбес.
Бұл күнгі қарашыл қарт, парашыл би
Өткендер келгенмен де орын бермес.
Сөйткенмен, қазақ көшін оңға бастап,
Жүруді өздігінен тағы білмес.
Мейлің көн, мейлің, жыла соңғыларға,
Қайтсын-ай, қамықты-ау деп, көзіне ілмес.
«Ішкен мас, жеген тоқтың» заманы бұл:
Ашыққан, ащынғаның түкке жүрмес.
«Мал құмар, малдың қолы» деген ақын,
Кім қақса «жемтігінен» соған күндес.
Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан:
Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
Қой бағып қасқыр қашан опа қылған,
Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес.
Қайраған қолдан келмес іске әуре боп,
Қорлыққа, тілімді алсаң, болма кездес!
ҚАЗАҚТЫҢ РУ БАСШЫЛАРЫНА
Қазағым, саспайсың,
Ілгері баспайсың.
Арамнан сейіліп,
Сескеніп қашпайсың.
Қазағым, надансың,
Өнерден амансың.
Мың салса бір баспас,
Жігер жоқ, шабансың.
Оянып, ойланып,
Өнермен жұмысың жоқ.
Ел кезіп, ет аңдып,
Есекше қарның тоқ.
«АЛАШ» ПАРТИЯСЫНА ҚОСЫЛМАҒАН АҚЫНҒА
Ертеде Бозша деген ел болыпты,
Мекені Тұңғыш деген бел болыпты.
Өзім ғалым құдайдың үйін көрген,
Бозбай деген сол елде ер болыпты.
Жасынан талапты боп атқа мінген,
Жақсының жолдас болып қасына ерген.
Екі дүние сауабын алмақ үшін
Еліне мешіт, мектеп салып берген.
Күңіренген мектебінде шәкірт оқып,
Көңіліне ғылым алған тоқып.
Мешітке сыймай кеткен тақуалар
Гау бағып күнәсінен қақтан қорқып.
Халықта тура жолға салған Бозбай.
Уағыздап шариғаттан кеңес қозғай.
Әлеумет жарықтыққа сүттей ұйып.
Бәйге алмас мұнан артық ешкім озбай.
Сонымен бір талай жыл өткен дейді,
Атанған Бозбай абыз көптен дейді.
Құдайдың құдіреті емес пе бұл:
Бозекең абыройын төккен дейді.
Сәлдесі әлде қайда қалған дейді,
Мешітке бір сопы жоқ барған дейді.
Мектебі де жабылған әлдеқашан,
Жұрт бұған таң-тамаша қайран дейді.
Уағызы дауға айналып кеткен дейді,
Кәсібі айып алу еттен дейді.
Бұрынғы әбүйірдің бірі де жоқ,
Бұл күнде жасы алпысқа жеткен дейді.
Өзінше мешкей атақ ілініпті,
Бұл мінез жұртқа тегіс білініпті.
Күніне екі-үш мезгіл ет жейтін боп,
Өткізген енді солай тірлікті.
Көрші ел Бозекеңнің момын екен,
Сол елді Бозбай қасқыр торыр екен,
Арық тоқты сойса да айып алып,
Ел үшін арын сатқан обыр екен.
Көз жасы момын елдің көл болыпты,
Ел жегіш Бозбай деген ер болыпты.
Айрылып адамшылық қасиеттерден,
Алымын араз-татуы бір болыпты.
Амал жоқ, кедей сорлы көнеді екен,
Бозбайға не тілесе береді екен.
Болмас іске ат пен тон айып алып,
Мирас боп сол Бозбайдан келеді екен.
Уапырм-ай, мешкейлік те өнер екен,
Момынды жеуге Бозбай шебер екен.
Нашарға болысатын болшебектің
Осыған үкіметі не дер екен?