freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Әйелімнің көзіне шөп салдым": Билл Гейтс Эпштейнмен араласқанына өкініш білдірді

Әлем
"Әйелімнің көзіне шөп салдым": Билл Гейтс Эпштейнмен араласқанына өкініш білдірді
Getty Images

Билл Гейтс өз қорының қызметкерлері алдында сөйлеген сөзінде өміріндегі үлкен қателіктерін айтты. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.

Басылым келтірген дерекке сәйкес, ол сотталған қаржыгер Эпштейнмен араласқаны ағаттық болғанын мойындаған. Сондай-ақ әйелінің көзіне шөп салғанын да жасырмаған.

Газет мәліметінше, Гейтс жиналыста: «Мен заңға қайшы ештеңе жасаған жоқпын… Эпштейнмен араласу – үлкен қателік болды… Некесіз қарым-қатынастарым болды, соның ішінде Ресейден шыққан бридж ойыншысымен және жұмыс барысында танысқан ресейлік ядролық физик әйелмен қарым-қатынаста болдым», – деген.

Ол бұл әйелдердің Эпштейн ісіндегі жәбірленушілерге қатысы жоқ екенін атап өтіп, өзін оның қылмыстарына еш қатысым жоқ деп мәлімдеген. Сонымен бірге Эпштейннің айналасындағы әйелдермен ешқашан уақыт өткізбегенін айтқан.

Қаңтар айының соңында АҚШ Әділет министрлігі Эпштейн ісіне қатысты ауқымды құжаттар пакетін жариялаған. Онда түрлі жеке хат алмасулар да бар. Алайда ондағы мәлімдемелер ресми айыптау үкімі емес.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу