Әлемдегі ең кедей президент қайтыс болды

Сұлу Бөлек

  • 14.05.2025

Уругвайдың бұрынғы президенті, ел арасында "әлемдегі ең кедей президент" атанған Хосе Мухика 89 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Malim.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

"Біздің жолдасымыз Пепе Мухиканың қайтыс болғанын қайғымен хабарлаймыз", — деп жазды Уругвай президенті Яманду Орси X әлеуметтік желісінде.

Орсидің айтуынша, Мухика тек президент емес, сонымен қатар, белсенді, үлгі тұтарлық тұлға және көшбасшы болған.

"Сені қатты сағынамыз, қымбатты қария. Барлығы үшін және халқымызға деген шексіз махаббатың үшін алғыс айтамыз", — деп қосты ол.

Мухика 1935 жылы 20 мамырда Монтевидеода дүниеге келген, ал 2009 жылы Уругвай президенті болып сайланды. Ол бұл қызметті 2015 жылға дейін атқарды.

Жастық шағында, 1960–70-жылдары ол Куба революциясы идеяларымен рухтанған және билікке қарсы партизандық әдістерді қолданған солшыл радикалды "Тупамарос" қозғалысы құрамында соғысқан.

Ол алты рет жараланып, 14 жылын түрмеде өткізген. Оның көп бөлігін жалғыз адамдық камерада отырған. 1985 жылы Уругвайда демократия қайта орнағанда бостандыққа шыққан.

2024 жылғы қаңтарда Мухика өңеш қатерлі ісігінің басқа ағзаларға таралып кеткенін және емге көнбейтінін хабарлап, әрі қарайғы емнен бас тартып, отандастарымен қоштасқан болатын.

Мухика 90 жасқа толуына бірнеше күн қалғанда көз жұмды.

Әйелімен бірге гүл өсіріп сатумен айналысқан, президенттік кезінде жалақысының шамамен 90 пайызын қайырымдылыққа берген, ал жалғыз меншігі – шағын фермасы мен 1987 жылғы Volkswagen Beetle көлігі болған.

2024 жылғы мамырда оған өңеш қатерлі ісігі диагнозы қойылып, кейін ол бауырға таралған.

Фото: Getty Images

Байланысты жаналықтар

"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

15.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

11.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

09.05.2025
MalimBlocks
"Екі араға от салғысы келетін арандатушылар бар": Жапаров Кенесары хан туралы мәлімдеме жасады

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

Польшада мыңдаған адам заңсыз көші-қонға қарсы митингке шықты

Олар президенттікке үміткер Кароль Навроцкийдің есімін айтып ұрандатты

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Әлемдегі ең бақытты қала аталды

Әлемдегі ең бақытты қалалардың рейтингі жарияланды