АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығуы мүмкін

Бұл шешімді Трамп инаугурациясында жариялайды деген болжам бар

Мәди Саматұлы

  • 22.12.2024

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың командасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) тезірек шығуды талап етіп отыр. Трамптың командасы бұл шешімді 20 қаңтарда, инаугурация күні жариялауды жоспарлап қойған. Бұл туралы Meduza Financial Times-қа сілтеп жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Сарапшылардың айтуынша, АҚШ-тың бұл ұйымнан шығуы ғаламдық денсаулық сақтау саласы үшін қауіпті жағдай. Қазір ДДСҰ-ның ең ірі доноры АҚШ, соңғы жылдары Вашингтон ұйымның бюджетінің шамамен 16%-ын қамтамасыз етіп келген.

Джо Байден әкімшілігінде коронавируспен күрес координаторы болған Ашиш Джа Financial Times-қа берген сұхбатында, Трамп командасының кейбір мүшелері ұйымды Вашингтонның бақылауымен реформалауды жөн көргенін, бірақ ДДСҰ-мен толық байланыс үзу жақтастарының ықпалы басым болғанын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, Трамп 2020 жылдың жазында АҚШ-тың ДДСҰ-дан шығу процесін бастаған еді. Ол ұйымды Қытайдың мүддесіне жұмыс істеді деп айыптап, коронавирусқа қарсы тиісті шараларды қолға алмады деп сынаған болатын. Ресми түрде АҚШ ұйымнан 2021 жылдың шілде айында шығуы керек еді, алайда Джо Байден Трамптың бұл шешімін кері қайтарып тастаған.

Фото: wikipedia.org

Байланысты жаналықтар

Әлем бойынша жаңа пандемия басталуы мүмкін - ДДСҰ

02.04.2025

Трамптың қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі үкіметтік хат алмасу үшін Gmail поштасын пайдаланған

02.04.2025

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

02.04.2025

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

01.04.2025

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

01.04.2025

Пентагон 76 мың қызметкерді жұмыстан босатады – БАҚ

30.03.2025
MalimBlocks
Әлем бойынша жаңа пандемия басталуы мүмкін - ДДСҰ

Трамптың қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі үкіметтік хат алмасу үшін Gmail поштасын пайдаланған

АҚШ сенаторы Трампқа наразылық ретінде 24 сағат бойы сөз сөйледі

Трамптың Путин мен Зеленскийге көңілі толмай отыр

Илон Маск Ақ үйден кететін болды

Пентагон 76 мың қызметкерді жұмыстан босатады – БАҚ