Қытай тауарларына 100% баж салығы: Трамп мәлімдеме жасады

Қосымша тарифтер Қытайдан келетін барлық импортқа 1 қарашадан бастап енгізіледі, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Бұған себеп – Қытайдың сауда саласындағы «өте агрессивті ұстанымы», деді АҚШ президенті.
АҚШ билігі 1 қарашадан бастап Қытайдан әкелінетін барлық тауарларға, бұрынғы қолданыстағы тарифтерден бөлек, 100 пайыздық баж салығын енгізеді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамптың жұма, 10 қазанда Truth Social платформасында жарияланған мәлімдемесінде айтылған. Сонымен қатар Трамп «аса маңызды» бағдарламалық қамтамасыз ету экспортына да шектеулер енгізілетінін қосты.
Себебі – Қытайдың «өте агрессивті» ұстанымы
Қосымша тариф енгізудің себебі ретінде Ақ үй басшысы Қытайдың «сауда саласында өте агрессивті позиция ұстанғанын» атады. Трамптың айтуынша, ҚХР билігі 1 қарашадан бастап елде өндірілетін өнімдердің басым бөлігіне экспорттық шектеу енгізетінін басқа мемлекеттерге ескерткен.
«Бұл барлық елге әсер етеді… Бұл халықаралық саудада бұрын-соңды болмаған жағдай», – деп жазды АҚШ президенті.
Қытай тарапы Трамптың мәлімдемесіне әзірге түсініктеме берген жоқ.
Фото: Mark Ralston/AFP