457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ-та жолаушылары бар ұшақ отқа оранды

АҚШ-тағы Денвер халықаралық әуежайында American Airlines әуе компаниясының рейсімен (AA3023, Денвер – Майами) болған оқиғаға байланысты жолаушылар шұғыл түрде эвакуацияланды, деп хабарлайды Malim.kz RIA.RU сайтына сілтеме жасап.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, ұшақтың сол жақ шассиінен өрт шыққан.

Төтенше жағдайға әуежайдың жедел қызметтері мен Денвер қалалық өрт сөндіру бөлімі жедел әрекет етіп, жалынды сөндірді.

Борттағы барлық жолаушылар қауіпсіз түрде шығарылған. Оқиға орнында бес адамға медициналық көмек көрсетілген, бірақ ешқайсысы ауруханаға жатқызылған жоқ. Тағы бір жолаушыға ұшуға шығу аймағында көмек көрсетіліп, кейін медициналық мекемеге жеткізілді.

Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.

Фото: ABC News / Getty Images