457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Берлин Киевке жыл сайын 9 млрд еуро қолдау көрсетпек – вице-канцлер

Ларс Клингбайль Киевке жыл сайын 9 миллиард еуро көлемінде қолдау көрсететінін уәде етті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Алайда, вице-канцлер ФРГ бундесвердің Украинадағы ықтимал миссияға қатысуы жөніндегі сұраққа тікелей жауап берген жоқ.

Германия Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға дайын. Бұл туралы дүйсенбі, 25 тамыз күні Киевте жүрген Германияның вице-канцлері әрі қаржы министрі Ларс Клингбайль (Lars Klingbeil) мәлімдеді.

"Үш жарым жылға созылып келе жатқан бұл соғыс барысында біз әрдайым украиналықтардың қасында екенімізді, шет қалмайтынымызды көрсеттік. Бұл қауіпсіздік кепілдіктеріне де қатысты болады", – деп атап өтті ол.

Сонымен бірге, Германия үкіметінің өкілі ФРГ Қарулы күштерінің (бундесвер) Украина аумағындағы бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталған ықтимал миссияға қатысуы туралы нақты жауап берген жоқ. Бұған дейін бірқатар неміс партиялары бундесвердің Украинада болуына қарсы шыққан еді.

Фото: Thomas Peter/REUTERS