Армения ұшағы алғаш рет Әзербайжан әуе кеңістігін пайдаланды

30 тамызда Никол Пашинянның ұшағы шетелдік сапары кезінде көрші елдің әуе кеңістігі арқылы ұшты, ал 6 қыркүйекке қараған түні Ереванға оралды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз хатшысы Назели Багдасарян мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Ереван бұл рұқсатты Вашингтонда Пашинян мен Ильхам Әлиев қол қойған бейбітшілік декларациясынан кейін сұраған.
“Бұл қадам – өңірдегі коммуникацияларды ашуға, бейбіт күн тәртібін ілгерілетуге және өзара сенім атмосферасын қалыптастыруға бағытталған іс жүзіндегі әрекет”, – деді ол.
Сондай-ақ армян тарапы әзербайжандық ұшақтар көп жылдан бері Армения әуе кеңістігі арқылы Нахчыванға ұшып жүргенін еске салды.
Фото: БЕЛТА - АРМЕНПРЕСС

Ең көп оқылған
