Әзербайжан президенті Астанада маңызды жаңалық жариялады

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында Арменияға жүк транзитіне қатысты маңызды жаңалықты мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Әзербайжан оккупация басталған мезеттен бергі Арменияға жүк тасымалдауға қойылған шектеудің бәрін алып тастады. Арменияға алғашқы жүк транзиті ретінде қазақстандық бидай жіберілді. Бұл Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік қағаз жүзінде қалмай, нақты орнағанын көрсететін жарқын мысал, - деді Ильхам Әлиев.
Еске сала кетейік, 9 тамызда Әзербайжан мен Армения көшбасшылары АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен соғыс қимылдарын тоқтату туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда қол қойылған Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік туралы келісімді тарихи маңызды жетістік деп атаған болатын.
Фото: Ақорда