Еуроодақ пен АҚШ арасындағы сауда келісімін тежеп тұрған себептер айтылды

Шілде айының соңында Еурокомиссия басшысы фон дер Ляйен мен АҚШ президенті Трамп сауда келісімін жасасу туралы уағдаласты. Алайда оның түпкілікті нұсқасын келісу ЕО-ның цифрлық қызметтер туралы заңына қатысты дау-дамайға байланысты іске аспай отыр.
Еуроодақтың цифрлық қызметтер туралы заңы (Digital Services Act, DSA) төңірегіндегі келіспеушіліктер Еуроодақ пен АҚШ арасындағы сауда келісімін түпкілікті мақұлдауды тежеп отыр. Бұл туралы жексенбі, 17 тамыз күні, Financial Times (FT) газеті Брюссельдегі ресми тұлғаларға сілтеме жасай отырып хабарлады.
Басылымның мәліметінше, ЕО бұл заңды, яғни технологиялық компанияларды интернет-платформаларын қатаңырақ бақылауға міндеттейтін заңды, келіссөздер күн тәртібіне енгізуден бас тартып отыр.
Financial Times журналистерінің айтуынша, келіспеушіліктер "тарифтік емес сауда кедергілері" ұғымына байланысты болып отыр. АҚШ тарапы Еуроодақтың цифрлық нормаларын осы санатқа жатқызады.
Фото: golosameriki.com