457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкцияларды ұзартты

Еуропалық Одақ елдері Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды тағы да ұзартты. Ресей Украинаға қарсы төртінші жыл қатарынан ауқымды соғыс жүргізіп жатқан жағдайда бұл шектеу шаралары 2026 жылдың 31 қаңтарына дейін күшінде болады. Бұл туралы 30 маусым, дүйсенбі күні Брюссельдегі ЕО елдерінің өкілдігі хабарлады.

Құжатта Ресей халықаралық құқықтың негізгі нормаларын бұзуды жалғастырып жатқанда, ЕО енгізген барлық санкцияларды сақтау орынды екені айтылған. Санкциялар Ресейдің Украинаға қарсы “негізсіз, заңсыз және ешбір ақтауға келмейтін әскери агрессиясына” жауап ретінде қабылданғаны атап өтілді.

Экономикалық санкциялар, өзге шаралармен қатар, сауда, қаржы және энергетика салаларындағы шектеулерді, сондай-ақ өнеркәсіп пен көлік секторларына қатысты тыйымдарды қамтиды. Атап айтқанда, теңіз арқылы жеткізілетін ресейлік мұнай импортына тыйым салынған, бірнеше ресейлік банк SWIFT қаржылық жүйесінен ажыратылған.
Фото: Nicolas Economou/NurPhoto/picture alliance