Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салынды

Арман Қайыпхан

  • 23.05.2025

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді оқуға қабылдауға тыйым салды, деп хабарлайды Malim.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм университеттің мұндай құқығын растайтын сертификатты дереу жоюды бұйырды. Ол Гарвардты “зорлық-зомбылық пен антисемитизмді қолдады” және “Қытай Коммунистік партиясымен байланыста болды” деп айыптады.

Енді АҚШ-тың беделді "Ivy League" қатарына кіретін бұл университет шетелдік студенттерге Америкада оқуға мүмкіндік беретін виза алу үшін қажетті құжаттарды рәсімдей алмайды. Ал қазірдің өзінде Гарвардта оқып жатқан шетелдік студенттер басқа университетке ауыспаса, елде қалу құқығынан айырылады.

Гарвард университетінің әкімшілігі бұл шешімді заңсыз, кек алуға ұқсас әрекет және университеттің академиялық әрі ғылыми-зерттеу қызметіне нұқсан келтіреді деп мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Гарвардта 140 елден келген шамамен 7 мың шетелдік студент білім алып жатыр. Бұл университеттің жалпы студенттер санының төртен бір бөлігінен көп.

Фото: AP/dpa/picture alliance

Байланысты жаналықтар

"Қазақстандық Гарвардтан шығарылып жатыр". Министрлік пікір білдірді

23.05.2025

Вашингтонда Израиль елшілігінің екі қызметкері оққа ұшты

22.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

1 қыркүйектен бастап стипендия өседі

20.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025
MalimBlocks