457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Мәжбүрлеп соғысқа жіберілген дағыстандық оқушы хабарсыз кетті

Ресейде дағыстандық оқушыны азаптап, келісімшартқа қол қойғызған. Ол соғыста хабарсыз кетті Дағыстанда туып өскен 18 жастағы Саид Муртазалиев биыл қаңтардағы қысқы демалыста Мәскеуге барған кезде полиция оны достарымен бірге ұстаған. Бұл туралы Azattyq.org хабарлады.


Саидқа әлдебір қылмысты таңып, Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасуға мәжбүрлеген. Анасының сөзінше, оқушыға қоқан-лоқы көрсетіп, аязда тастай су шашып, противогаз кигізіп, ұрып-соққан.

Оларды нақты не үшін айыптағанын білмеймін, себебі полицейлер оларға еш нәрсені түсіндірмеген. Бар білетінім – 159-баптың 1-бөлігі – алаяқтық, сенімді пайдалану. 17-18 жастағы оқушылар қандай алаяқтық жасауы мүмкін? Дәмханаға ақша төлемеді ме? Оларды ұстағаннан кейін бірнеше күннен соң балаларды келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеген. Үшінші күні адвокат жіберіп, келісімшартқа қол қоймасын дедік. Бірақ кеш болып шықты. Саидтың айтуынша, оны ұзақ азаптағаннан кейін келісімшартқа қол қойған – оны противогаз кигізіп азаптаған, тастай су шашқан, ұрып-соққан. Қатты азаптағаны соншалық, тергеу кезінде есінен танып қалған – есінен танып қалсын деп әдейі жүректің маңайынан басқан, мұндай азаптаудан із қалмайды. Әрине, азаптағаннан кейін келісімшартқа қол қойды. Ол мүлдем әскерге баруды ойламаған. Әскери билеті де жоқ,- дейді анасы Лейла Нахшунова. 

Саидтың туыстарының пікірінше, оқушы Мәскеу әскери округындағы 272-мотоатқыштар полкінің шабуыл ротасына жіберілген.

Фото: видеодан скрин