Қайтыс болған ресейлік әскерилер саны рекордтық көрсеткішке жетті
Қыркүйек, қазан және қараша айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір жарым есеге, ал 2022 жылдан екі есеге артқан.
Фотода қайтыс болды делінген буратиялық Константин Соколов. ВВС
Ашық деректерге сүйенген ВВС мен «Mediazona» басылымы еріктілер тобымен бірлесіп, Украинаға басып кіргелі бері 78329 қайтыс болған әскердің аты-жөнін анықтаған. Расталған деректер рекордқа жетті. Бұл туралы ВВС көлемді мақала жариялады.
Қыркүйек, қазан және қараша айларында өлгендер саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір жарым есеге, ал 2022 жылдан екі есеге артқан. Яғни, бұрнағы жылдарға қарағанда мерт болған әскерилердің көбейген.
2024 жылы көз жұмған ресейлік әскерлердің орташа жасы – 38, соғыс басталған кездегі қаза тапқан әскерлердің орташа жасы 21 еді, демек әскерлердің жас мөлшері өзгерген. Бұл айтарлықтай құбылыс.
Басылым қыркүйек айында күн сайын 140 ресейліктің опат болғанын нақтылаған. Ал өлген әскерлер туралы ақпарат одан әлдеқайда көп, басылым аты-жөні нақты анықталғандарын ғана есепке алған. Ал қазан айында күн сайын 152 ресейлік жауынгер ажал құшқан.
Бұл жерде кейбір некрологтар ескі датамен кезіккен, өйткені, дерек кеш анықталған, бірақ нақтыланған уақытына сай сол күндердің тізіміне енген. Дегенмен, соңғы екі айдағы шығынның өсу қарқыны 2023 жылғы орташа тәуліктік көрсеткіштен 1,6 есе жоғары.
Зерттеушілер өлгендер санының артуын Угледар, Покровск және Донецк облысындағы шабуылдардың салдары болуы ықтимал дейді. Бұдан сырт Ресейдің Курск облысындағы шабуылдан қайтыс болғандардың артуы да нақты деректің көбеюіне ықпал еткен. Ресейлік әскерилердің өлім саны бұдан әлдеқайда көп дейді ВВС. Зертетушілер әлеуметтік желілер мен нақты дереккөздерге сүйеніп, ашық ақпарат арқылы анықталған әскерилердің өлімін ғана жариялағандарын айтады.