Ресей-Украина соғысында қаза тапқандар аз ұлттың өкілдері  

Краснодар аймағы, Дағыстан, Ростав облысы және Волгоград облысы  Украинадағы соғыста қаза тапқандар саны жағынан алда тұр дейді Азаттықтың Кавказ.Реалий сайты.

Malim Админ

  • 10.08.2023

ВВС-дің орыс қызметі мен «Медиазона» журналистері Ресей Украинадағы соғыста қазірге дейін 29217 адамынан айырылғанын анықтаған. Журналистердің зерттеуінде Кубань бірінші орында – 1093 адам. Екінші орында – Дағыстан. Одан кейін Свердлов облысы (1056), Башқұртстан (922), Челябинск облысы (902), Буратия (871), Ростов облысы (740) және Волгорад облысы (730) тұр. Бірақ сарапшылар бұл аймақтарда билік соғыста опат болғандар санын жасыруға тырысатынын айтады. Сондықтан адам шығыны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Ал ресми Мәскеу соғыстағы адам шығынын жасырып келеді. Соңғы рет Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу былтыр қыркүйекте 5937 адам қаза болғанын айтқан, содан бері Кремль үнсіз. Ал биыл мамырда «Вагнердің» басшысы Евгений Пригожин бірнеше айдың ішінде Бахмут үшін шайқаста ресейлік 10 мың адам қаза тапты деген.

Әскери ардагер Виталия Вотановский Кавказ.Реалии сайтына берген сұхбатында «билік жаппай наразылықтан қорқып, Мәскеу мен Санкт-Петербургтен адамдарды соғысқа ала бермейді, сондықтан Ресейдегі халық саны бойынша үшінші орындағы Кубань соғыста қаза тапқандар саны жағынан бірінші орынға шықты» деп санайды.

Вотановский – оңтүстік аймақ пен Кавказда соғыста өлгендер жайлы ақпаратты тұрақты жинап жүрген жалғыз адам. Сондықтан болар, Краснодар аймағы алдыңғы қатарда, ал басқа аймақтарда ешкім мұндай мониторинг жүргізбейді.

Соғысқа қарсы «Дозор» қозғалысының қызметкері Марья Худоярова Ресейдің кедей аймақтарында адам көп қаза тапқанын айтады. «Кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан адамдар соғысқа барып, көп ақша тапқысы келеді. Кредитін жабу үшін қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасып «мұнда құр қол жатқанша соғысқа барып, отбасыма ақша табайын» дейді.

АҚШ-тағы Нотр-Дам университетінің ғылыми қызметкері Мария Вьюшкованың пайымдауынша Ресей қорғаныс министрлігі Украинадағы соғыста қаза болғандар жайлы нақты деректі білмейді. Әскери қызметкерлер мен украиналықтардың әңгімесінен аңғарғанымыз, ресейліктердің көбінің сүйегі майданда қалып қояды. Ал украиналықтар мәйіттерді жинап, кейін айырбастайды не жерлейді. Сондықтан ресейлік әскербасылардың майданға орыстар көп шоғырланған облыстардан гөрі бурят, шешен, дағыстандықтарды жіберуге бейіл келетінін айтады.

«Медиазона» сайтының есебі бойынша, Кавказдықтар Украинадағы соғыста қаза тапқандар саны жағынан алда тұр. Мәселен, Мәскеумен салыстырғанда Шешенстан мен Дағыстан тұрғындарының Украинадағы соғыста өлу қаупі жеті есе жоғары.

2022 жылы сәуірде Ресей қорғаныс министрлігі Украинада қаза тапқандардың дерегін құпия ету туралы шешім шығарған.

Байланысты жаналықтар

Дәл қазір: Ресей Украинаны зымыранмен тоқтаусыз атқылап жатыр

21.11.2024

Ресей Украинаның 44 дронын атып түсірген

20.11.2024

Қайтыс болған ресейлік әскерилер саны рекордтық көрсеткішке жетті

15.11.2024

Тоқаев әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтты

26.09.2020
MalimBlocks
Дәл қазір: Ресей Украинаны зымыранмен тоқтаусыз атқылап жатыр

Украина дабыл жүйесін іске қосты

Ресей Украинаның 44 дронын атып түсірген

Қорғаныс министрлігі жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:00 мен түн ортасы аралығында алты аймақта украиналық 42 дрон құлатылғанын жеткізді

Қайтыс болған ресейлік әскерилер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Қыркүйек, қазан және қараша айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір жарым есеге, ал 2022 жылдан екі есеге артқан.

Тоқаев әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтты