freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Төреғали Төреәлінің қарындасы киімі үшін сынға қалды

Шоу-бизнес •
Төреғали Төреәлінің қарындасы киімі үшін сынға қалды
Фото-коллаж: видеодан скриншот

Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, Дина Төреәлі Қызылордадағы салоны алған марапат туралы қуанышты жаңалығын бөлісті. Алайда желі қолданушыларының бір бөлігі оның марапаттау рәсіміне киген киімін талқылаған, деп Malim.kz тілшісі хабарлайды.

Ол Instagram парақшасында салонының 2GIS премиясында Қызылорда бойынша үздік салондар қатарына енгенін жазды. Оның айтуынша, нәтиже клиенттердің пікірлері, бағалары және белсенділігі негізінде анықталған.

"Бұл – жай ғана әдемі статуэтка емес, үш жылдық еңбектің нәтижесі. Және ең бастысы – бұл менің емес, менің қыздарымның жемісі", – деп жазды ол. Сондай-ақ күн сайын клиенттерге қызмет көрсететін командасына және салонды таңдаған адамдарға алғыс айтты.

Қуанышты жазбадан кейін оның марапаттау рәсіміндегі образы да талқыға түсті. Пікірлердің арасында "Қысқа кигені несі?", "Ұзынырақ кисең, әдемі болар еді" және "Үйіндегілер ештеңе демей ме?" деген сөздер бар.

Әзірге Төреғалидің қарындасының бұл пікірлерге жауап бергені туралы мәлімет жоқ.

Төреғали Төреәлі кім?

Төреғали Төреәлі – қазақстандық әнші әрі айтыскер ақын. 1992 жылғы 14 қазанда Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Өнерге айтыс арқылы келіп, студенттер арасындағы бірнеше айтыста жеңіске жеткен және республикалық додаларда жүлде алған. Кейін эстрадаға бет бұрып, "Отанды сүю – иманнан" әнімен тыңдарман ықыласына бөленді. 

Әншіні көпшілік "Ұлы дала баласы" деген атпен таниды. Осы атаумен жеке шығармашылық кешін өткізіп, концерттік бағдарлама ұсынған. Ерке Есмаханмен бірге орындаған "Алло" әні де кең таралып, оның эстрададағы танымалдығын арттырды. Репертуарында "Бол жанымда", "Қай жақсылығым үшін?" және "Қазақ қызға үйленем" сияқты әндер бар. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу