457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Путин: АҚШ Украинаға зымыран берсе, Ресей қарым-қатынасты үзеді

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ Украинаға алыс қашықтыққа арналған Tomahawk («Томагавк») қанатты зымырандарын беретін болса, бұл екі ел арасындағы қарым-қатынастарды үзуге әкелуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

«Жаңа қару-жарақ жүйелерін, соның ішінде алыс қашықтықтағы жоғары дәлдіктегі «Томагавктарды» жеткізу мәселелері талқыланды. Мен мұндай шешім біздің қарым-қатынастарымызды бұзады, ең болмағанда, байқалған оң үрдісті жояды деп айттым», – деді Путин «Россия 1» телеарнасында 5 қазан күні эфир барысында.

Сонымен қатар ол: «Мен ойлағанымды айтып отырмын. Алайда Мәскеу мен Вашингтон арасындағы байланыстардың қалай қалыптасатыны тек бізге ғана байланысты емес», – деп мәлімдеді.

Путин бұл пікірін Украинадағы соғысты жалғастырып жатқан кезде білдірді.

Фото: Everett Collection/picture alliance