457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

50 мың тұрғын жарықсыз қалды

Ресей әскері Чернигов облысындағы бірқатар энергетикалық нысандарды зақымдады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

«Черниговоблэнерго» компаниясы бұл әрекетті «Чернигов халқын жоюға бағытталған нағыз геноцид» деп атады.

4 қазанға қараған түні Ресей дрондар арқылы облыстың энергетикалық инфрақұрылымына жаппай соққы берді. Нәтижесінде бірнеше маңызды электр нысандары бүлініп, шамамен 50 мың тұтынушы жарықсыз қалды.

Энергетиктер жөндеу жұмыстарына кірісті. Облыста электр энергиясын сағатпен шектеу кестесі сақталып отыр. 4 қазанда жарық «үш сағат бар – үш сағат жоқ» тәртібімен беріледі. «Черниговоблэнерго» тұрғындарды электр қуатын үнемдеуге шақырды.
Фото: freepik.com