Сырскийдің тарихта қалар қос ерлігі…

Екі жыл бұрын, 2022 жылдың 6 қыркүйегінде Украина Харьковті азат ету операциясын бастап жіберді.

Malim Админ

  • 07.09.2024

Бұл операция тосыннан жасалғандықтан, Ресей басқыншыларын бүк түсірді. Украина сол жолы бүкіл оккупацияланған территорияны айналасы бір аптаның ішінде қайтарды. Украианың ержүрек ұл-қыздары қанын төгіп, жанын беріп жүріп өз жерлерін қайтарды! 

Бұл операция Ресей әскери басшылығы үшін күтпеген шешім болды. Себебі, Мәскеудегілер Украина негізгі соққыны Херсон облысына салады деп отырған.

Сол жолы Балаклей қайтты. Купянск пен Изюм, Казачий Лопань мен Волчанск секілді бірсыпыра аумақ Украинаға қайтарылды!

Ал сол Харьковті азат ету операциясын генерал Сырский басқарған еді! 

Сөзсіз Ресей басқыншы армиясының өздері жаулап алған аумақтан тым-тырақай қашуы әлемдік тарихқа қою қара сиямен жазылып қалады.

Қазір түгел Украина армиясына тізгінші болып отырған генерал Сырский әлемдік соғыс тарихына тағы бір операцияны жазып жатыр. Ол - Курскі операциясы! 

Әлеммен әлімжетті тілмен сөйлесетін Ресейдің жерінде соңғы сексен жылда болмаған істі жасау: әскермен кіріп, жүзге жуық ауылды, бірнеше ауданды тартып алу, онымен қоймай ор қазып, мықтап бекіну - тарихқа жазылмайды деймісіз…Жазылып жатыр! 

Бүгін (6-қыркүйек) “Рамштайн” жиыны өтті. Украинаға әскери көмек жайы талқыланды. Сонда президент Зеленский: “Әттең, Кремльге соққы жасай алмайтынымызға өкінемін”, - деді. “Мүмкіндік болса Кремльдің бет-беделіне қарайын деп тұрған жоқпыз”, - деді ыммен!

Тұздық: Президент Зеленский айтқан екі ауыз сөз:

1) “Украина қарулы күштерінің Курск облысындағы операциясы Ресейдің Сумы облысына басып кіру жоспарын бұзды”, - деді.

2) “Украина қарулы күштерінің Курск аймағындағы операциясы кезінде Ресей 6 мың сарбазынан айырылды”, - деді…

Автор: Нұргелді Әбдіғани. Фейсбук парақшасынан

Фото: charter97.org 

Байланысты жаналықтар

АҚШ Ресейді атқылауға рұқсат берді. Әлем ақпараты не дейді?

18.11.2024

Ресей Киевке жаппай шабуыл жасады

13.11.2024

Сырский: Курск шайқасы ұрыс майданына оң әсер етті

11.11.2024

Путин Трампты мақтап, диалог орнатуға дайынмын деді

08.11.2024

Шайқастар картасы: Курск үшін Мәскеу алаңдамай ма?

28.08.2024

Украинаның Курск облысындағы аумақтарды басып алуға ниеті жоқ - СІМ

13.08.2024
MalimBlocks
АҚШ Ресейді атқылауға рұқсат берді. Әлем ақпараты не дейді?

«Мен Украина біз берген қаруды тек жебелерді тоқтату үшін ғана емес, садақшыларды өлтіру үшін де пайдалана алуы керек деп бірнеше рет айттым»

Ресей Киевке жаппай шабуыл жасады

Бұл соңғы 73 күнде болмаған ең ірі шабуыл.

Сырский: Курск шайқасы ұрыс майданына оң әсер етті

Ресей аумағындағы әскери операциялар Донбасстағы ресейлік топты әлсіретуге ықпал етті

Путин Трампты мақтап, диалог орнатуға дайынмын деді

«Ол, менің ойымша, ерлерге тән батылдық көрсетті, – деді Путин Сочидегі «Валдый» клубының отырысында. – Осы сәтті пайдаланып, оны АҚШ президенті болып сайлануымен құттықтағым келеді».

Шайқастар картасы: Курск үшін Мәскеу алаңдамай ма?

«Әлемнің екінші әскері» деп әспеттелген армия үш аптадан бері Украинаны Курскіден қуып шыға алмай отыр

Украинаның Курск облысындағы аумақтарды басып алуға ниеті жоқ - СІМ