457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ресей Украина қалаларын атқылады: бес адам қаза тапты

Ресей 7 маусымға қараған түні Украинаның Харьков қаласына ең жойқын шабуыл жасады, деп хабарлайды Malim.kz Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Украина билігінің мәліметінше, қалаға 50-ге жуық «Шахед» ұшқышсыз аппараты, екі зымыран және төрт басқарылатын авиабомба жіберілген.

Харьков мэрі Игорь Тереховтың айтуынша, шабуыл салдарынан кемінде үш адам қаза тапты, тағы 17 адам жарақат алды. Қалада ауқымды қираулар тіркеліп отыр.

Харьков облысы әкімшілігінің басшысы Олег Синегубовтың мәліметінше, жарақат алғандар арасында екі бала бар, оның бірі небәрі бір жарым айлық сәби. Шабуыл нәтижесінде тұрғын үйлер мен азаматтық кәсіпорын зақымданған. Кәсіпорынның атауы нақты айтылмағанымен, оның аумағына алты дрон соғылып, ірі өрт шыққаны хабарланды.

«Сондай-ақ шабуылдар Харьковтің Основян ауданына да тиді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол жерде де зардап шеккендер бар», – деп мәлімдеді Синегубов.

Фото: t.me/synegubov