Трамп ОАР президентін ақ нәсілділерді қудалады деп айыптады 

Сұлу Бөлек

  • 22.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирил Рамафосамен кездесті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі ВВС-ге сілтеме жасап.

Бірнеше телеарна тікелей эфирде көрсеткен бұл кездесу "ОАР-дағы ақ нәсілділерге геноцид" жасалып жатыр деген дәлелденбеген мәлімдемелерге байланысты пікірталасқа ұласты.

Бастапқыда кездесу бейбіт жағдайда өтті: Трамп пен Рамафоса гольф туралы сөйлесіп, Рамафоса АҚШ президентіне Оңтүстік Африканың гольф алаңдары бейнеленген 14 келі кітап сыйлады. Сондай-ақ ол АҚШ-қа пандемия кезіндегі көмегі үшін алғыс білдірді.

Алайда көп ұзамай жағдай шиеленісе түсті. Кездесуге Трамптың кеңесшісі, миллиардер Илон Маск қосылды. Негізгі тақырып – ОАР-дағы голланд және француз отаршыларының ұрпақтары саналатындарға қатысты "геноцид" мәселесі болды.

Трамп бірнеше бейнежазба көрсетті. Оның бірінде оппозициялық саясаткер Джулиус Малеманың "бурға оқ ат" деген сөздері бар ән айтып тұрғаны көрсетілген. Бұл — ОАР-дағы ақ фермерлерге бағытталған. Екінші видеода – ақ фермерлердің жерлеу рәсімдері көрсетілген делінеді.

"Бұл — сұмдық көрініс. Мен өмірімде мұндайды көрген емеспін", – деді Трамп видеоны көрсете отырып.

BBC журналисі Бернд Дебусманн-Младшийдің айтуынша, Трамп бұл кездесуге алдын ала мұқият дайындалған, ал Рамафоса тосыннан ұсталғандай әсер қалдырды.

Бұл көрініс көп адамға 28 ақпанда Украина президенті Зеленскийге ұйымдастырылған қабылдауды еске салды. Бірақ ол кездесу бәрі үшін тосын жағдай болған.

Айыптауларға қарамастан, Рамафоса басынан аяғына дейін сабыр сақтады. Видеодағы жерлеу кадрларына қатысты ол бұл көріністі бұрын-соңды көрмегенін айтып, түсірілімнің қай жерде жасалғанын сұрады. Сондай-ақ, ол Джулиус Малеманың риторикасын айыптап, оның сөзі ел үкіметінің ресми ұстанымын білдірмейтінін атап өтті.

Рамафосаның айтуынша, ОАР – демократиялық ел, онда әр адам ойын ашық айтуға құқылы. Сонымен бірге, ол елдегі қылмыс мәселесінің бар екенін мойындап, оның құрбандары арасында тек ақтар емес, қара нәсілділер де барын жеткізді.

Кездесуге ОАР делегациясының басқа мүшелері де қатысты. Ауыл шаруашылығы министрі Джон Стеенхейзен фермерлер мәселесін түсіндірсе, миллиардер бизнесмен Йоханн Руперт елдегі қылмысқа қатысты пікір білдірді.

АҚШ жағынан бұндай белсенділік байқалмады. Трамппен бірге вице-президент Джей Ди Вэнс пен қорғаныс министрі Пит Хегсет болды, бірақ олар баспасөз мәслихатына қатыспады. Тіпті Илон Маск та үндемей отырды. 

Фото: GETTY IMAGES

Байланысты жаналықтар

Жұмбақ жағдайда мерт болған Ақнәрдің анасы президенттен көмек сұрады

22.05.2025

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

21.05.2025

Тоқаев Будапештке жетті

20.05.2025

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

19.05.2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

19.05.2025

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды

19.05.2025
MalimBlocks
Жұмбақ жағдайда мерт болған Ақнәрдің анасы президенттен көмек сұрады

Трамптың Украинадағы соғысқа қатысты жаңа ұстанымы: менің проблемам емес

Тоқаев Будапештке жетті

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

АҚШ президенті Дональд Трамп Джо Байденге қолдау білдірді

АҚШ-тың экс-президенті​​​​​​​ Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды