Трамп: Путин менің Стамбұлдағы келіссөздерге қатысқанымды қалар еді

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей басшысы Владимир Путиннің ықтимал кездесуі өтетін Түркияға баратыны не бармайтыны жөнінде нақты шешім қабылдамағанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz dw.kz сайтына сілтеме жасап.
14 мамыр, сәрсенбі күні Парсы шығанағы елдеріне жасаған сапары барысында Трамп Путиннің оны Стамбұлдағы келіссөздерден көргісі келетінін жеткізді. АҚШ президентінің айтуынша, бұл – әбден мүмкін жағдай.
«Бейсенбі күні мен Біріккен Араб Әмірліктеріне барамын, сол себепті бос емеспін. Бірақ бұл бармаймын деген сөз емес. Ақыр соңында бұл – көптеген өмірді сақтап қалу туралы мәселе», – деді Трамп.
Сондай-ақ, ол Путиннің өзі қатыспаған жағдайда келіссөзге келу-келмеуі белгісіз екенін айтты:
Менсіз ол келеді ме, келмей ме – білмеймін. Оны анықтаймыз».
Трамптың сөзінше, АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Түркияға міндетті түрде барады. Ол оны «өте тиімді адам» деп сипаттады.
Фото: Brian Snyder/REUTERS