Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді

Түркияда бір түнде үш рет жер сілкінді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі haberler.com-ға сілтеме жасап.
13 мамырда таңертең Түркияның Ыстамбұл қаласына қарасты Бүйүкчекмедже аймағының жағалауында 3,8 магнитудалық жер сілкінісі тіркелген.
Түрік сейсмологтарының айтуынша, жер сілкінісінің эпицентрі Мәрмәр теңізінде орналасқан. Жерасты дүмпуінің ошағы 6,84 шақырым тереңдікте болған.
Айта кетейік, бүгін түнгі 02:30 шамасында Түркияның Эгей теңізі аймағында 4,9 магнитудалық жер сілкінісі болды. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Одан соң таңғы 07:49-да Антальяда 3,8 магнитудалық үшінші жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Кумлуджа маңында орналасқан.
Елдің төтенше жағдайлар қызметі мен сейсмологиялық институттары оқиғаны бақылауда ұстап отырғанын айтты.
Фото: Liter.kz