Украина қаза тапқан 909 сарбазының мәйітін елге қайтарды

Арман Қайыпхан

  • 16.05.2025

Ресей мен Украина Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) делдалдығымен қаза тапқан әскери қызметкерлердің мәйіттерімен кезекті алмасу жүргізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Украина жағы 909 сарбаздың денесін қайтарып алды. Украинадағы әскери тұтқындар мәселелері жөніндегі үйлестіру штабының хабарлауынша, бұл мәйіттер Ресей аумағындағы моргтерден, сондай-ақ Курахово, Покровск, Бахмут, Угледар, Луганск, Запорожье, Сумы және Харьков бағыттарындағы соңғы ұрыстарда қаза тапқандардың денелері.

«Құқық қорғау органдарының тергеушілері мен ІІМ-ге қарасты сараптамалық мекемелердің мамандары жақын арада қаза тапқандардың тұлғаларын анықтайтын болады», — делінген хабарламада.

Ал Ресей жағы 34 әскери қызметкердің денесін алғанын Мемлекеттік дума депутаты Шамсаил Саралиев РБК агенттігіне хабарлады.

Ресей мен Украина толыққанды соғыс басталғалы бері ХҚКК делдалдығымен қаза тапқан жауынгерлердің мәйіттерін тұрақты түрде алмастырып келеді. Соңғы осындай алмасу 28 наурызда өткен болатын: сол кезде Ресей 43 адамның, ал Украина 909 адамның мәйітін қайтарған еді.

Фото: Thibault Camus/AP/picture alliance

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек