Украина жаңа лазерлік қарау шығарғанын мәлімдеді
Украина жаңа лазерлік қару жасап шығарды. Украинаның Әуе күштері жүйелерінің командирі Вадим Сухаревский 16 желтоқсанда өткен конференцияда лазерлік қару жасап шығарғанын жеткізді. Жаңа қару «Тризуб» деп аталады және ол 2 шақырымнан жоғары биіктіктен ұшақтарды атуға мүмкіндік береді, – дейді ВВС агенттігі.
Лазерлік қаруды жасау бойынша зерттеулер 60-70 жылдардан бастап әлемнің жетекші елдерінде басталған, әсіресе АҚШ пен КСРО лазерлік қару жасауға көп күш салды. Олардың мақсаты – қарсыластың техникасын секундтар ішінде жою үшін қуатты лазер сәулесін алу еді. Бірақ іс жүзінде бұл қаруды дамытудың өзіндік қиындықтары көп болды, атап айтқанда энергия көзінің жеткіліксіздігі, ауа райы жағдайына тәуелділігі және бірнеше қозғалмалы мақсаттарды бір мезгілде жою мүмкіндігінің жоқтығы.
Дегенмен, қазіргі заманғы соғыс, соның ішінде Ресей-Украина арасындағы ауқымды шайқас арзан дрондарға қарсы тиімді әрі қайта пайдалануға болатын қаруды ойлап табуды тездеткен сыңайлы. Украинаның жаңа лазерлік қаруы «Тризуб» осы мақсатқа бағытталған болуы мүмкін. Бұл қарудың құпиялары әлі ашылмаған, оның тиімділігі мен соғыс майданында пайдалану мүмкіндігі туралы әртүрлі пікір бар.
Осы уақытқа дейін Украинада мұндай қарудың бар екені туралы айтылмаған, бірақ технологиялардың арзандауы және жетілдірілуі арқасында Украинаның әскери өнеркәсіп секторында осындай қару жасалуы әбден мүмкін. Дегенмен, бұл қарудың нақты тиімділігі мен оны қолданудағы шектеулер туралы нақты мәлімет айтылған жоқ.