АҚШ Қырғызстан банкіне санкция салды

Malim Админ

  • 16.01.2025

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейдің әскери-өнеркәсіптік базасын қолдағаны үшін Қырғызстанның «Керемет» банкіне қосымша санкция енгізді, деп хабарлайды Tengonomika телеграм арнасына сілтеп Malim.kz.

АҚШ Қаржы министрлігінің баспасөз хабарламасына сәйкес, санкцияларды айналып өтуді қолдаған жаңа компаниялар SDN тізіміне енгізілді. Бұл схема Ресей мен Қытай арасындағы субъектілер арқылы «сезімтал» тауарларға арналған трансшекаралық төлемдерді жеңілдетуге бағытталған. Бұл тізімге Қырғызстанның қаржы мекемесі де енді, ол ресейлік шенеуніктер мен АҚШ санкцияларына ұшыраған банкпен өзара әрекеттесіп, санкцияларды айналып өтетін схеманы іске асырумен айналысқан.

Қырғызстанның «Керемет» банкі Ресей билігімен және қорғаныс өнеркәсібін қаржыландыруда маңызды рөл атқаратын «Промсвязьбанк» банкімен бірлесе отырып, санкцияларды айналып өтудің жолдарын ұйымдастырған. АҚШ билігінің мәліметінше, «Керемет» «кем дегенде 2024 жылдың жазынан бастап» «Промсвязьбанк» атынан трансшекаралық төлемдерді жүргізуге көмектескен. Сонымен қатар, 2024 жылы «Керемет» банкінің бақылаушы пакеті ресейлік олигархқа қатысы бар компанияға сатылды, бұл оның санкцияларды айналып өту мүмкіндігін жоғарылатты, деп хабарлайды АҚШ Қаржы министрлігі.

«Керемет» банкі ұзақ уақыт бойы Қырғызстанның мемлекеттік банкі болған, оны Қырғызстанның Ұлттық банкі мен Қаржы министрлігі басқарған, жақында ғана жекеге сатылған.

Мұндай жағдайлар қосымша санкциялар қаупінің шындық екенін және АҚШ Қаржы министрлігінің қаржы секторына енгізетін шектеу санкцияларының өте зиянды екенін тағы бір рет дәлелдейді.

Ал банктің өзі АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау офисіне (OFAC) банк тарапынан болған құқықбұзушылықтар туралы мәлімдемеге қатысты шағымданатынын мәдімдеді.

Фото: tazabek.kg

Байланысты жаналықтар

Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

13.04.2025

Киев Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетуге келісуі мүмкін

17.03.2025

30 күндік атысты тоқтату. Трамп Путиннің соңғы шешімін күтіп отыр

17.03.2025

«Бурятқа айналған атыраулық қазақ» Украинадағы соғыста қаза тапты

10.02.2025

Зеленский Ким Чен Ынға сәлем жолдады

13.01.2025

АҚШ Ресейдің мұнай өнеркәсібіне қарсы ең қатаң санкцияларын енгізді

11.01.2025
MalimBlocks
Трамп Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартты

Киев Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдетуге келісуі мүмкін

30 күндік атысты тоқтату. Трамп Путиннің соңғы шешімін күтіп отыр

«Бурятқа айналған атыраулық қазақ» Украинадағы соғыста қаза тапты

Тасболат Ибрашев кім? Тасболат Ибрашев 2008 жылы Ресейдің Грузияға жасаған басқыншылығы кезінде танымал болған.

Зеленский Ким Чен Ынға сәлем жолдады

АҚШ Ресейдің мұнай өнеркәсібіне қарсы ең қатаң санкцияларын енгізді

Бұл Ресейдің мұнай экспортын айтарлықтай қиындатуы мүмкін