Ұлыбритания королі шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

Ұлыбритания королі III Чарльз ауруханаға түсті

Сұлу Бөлек

  • 28.03.2025

Ұлыбритания королі III Чарльз ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Осыған байланысты алдағы тәулікте жоспарланған барлық іс-шара тоқтатылды.

«Король III Чарльз қатерлі ісіктен жоспарлы ем қабылдап жатыр. Ол емнің «уақытша жанама әсерлерінен» кейін бақылау үшін ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада.

Букингем сарайының мәліметінше, король қазір Кларенс-хаусқа оралған. 76 жастағы монархтың денсаулығы қатерлі ісік диагнозы жарияланған сәттен бері жіті бақылауда. Былтыр жыл басында оған қатерлі ісіктің белгісіз түрі қойылған. Осыған байланысты III Чарльз үш ай бойы көпшілік алдындағы міндеттерін орындаудан уақытша бас тартқанымен, мемлекеттік істермен айналысып, үкіметтік құжаттармен жұмыс істеп, премьер-министрмен кездесулер өткізді.

Айта кетейік, 5 ақпанда Букингем сарайы III Чарльзға қатерлі ісік диагнозы қойылғанын ресми түрде хабарлаған болатын.

Фото: royal.uk

Байланысты жаналықтар

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025

Ханзада Гарри әкесіне татуласуды ұсынды

04.05.2025

Сакураның фонында. Бергей Рысқалиевтің видеосы тарады

28.04.2025

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

22.04.2025

Ғалым Германияны 2027 жылы соғысқа дайындалуға шақырды

21.04.2025

Әдеттегіден ерте тұрдық: ШҚО-да кене көбейген

17.04.2025
MalimBlocks
Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

Ханзада Гарри әкесіне татуласуды ұсынды

Сакураның фонында. Бергей Рысқалиевтің видеосы тарады

758 млн теңге жымқырған: бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Жамбыл облысының Қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары мен бухгалтер сотталды

Ғалым Германияны 2027 жылы соғысқа дайындалуға шақырды

Бұл туралы ұлыбританиялық Корольдік біріккен қорғаныс зерттеулері институтының аға ғылыми қызметкері Эд Арнольд айтты

Әдеттегіден ерте тұрдық: ШҚО-да кене көбейген

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққаннан кейін ауруханаға жүгінгендер саны күрт өсті