Үндістан алдағы 36 сағатта Пәкістанға әскери соққы жасауы мүмкін

Үндістан мен Пәкістан арасындағы бірнеше онжылдықтар бойы тұтанған қақтығыс өткен аптада шиеленісті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Пәкістан ақпарат және телерадио хабарларын тарату министрі Аттаулла Тарардың айтуынша, Үндістан алдағы 24-36 сағат ішінде Пәкістанға соққы жасайды. Ол "жауап" беруге уәде берді.
Тарардың айтуынша, шабуылға негіз ретінде екі елдің даулы аймағы туристік Пахалгам қаласында жақында болған террорлық акті қолданылмақ.
"Кез келген агрессияға шешуші жауап беріледі. Үндістан осы аймақтағы кез келген ауыр салдарға толық жауапты болады!" - деп жазды министр X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс бірнеше онжылдықтар бойы шиеленісіп келген болатын, ал өткен аптада жағдай 22 сәуірде Пахалгам қаласында болған террористік шабуылдан кейін ушықты. Шабуылдан 26 адам қаза тапты, олардың көпшілігі турист болды. Үндістан Исламабадты шабуылға қатысы бар деп айыптады, Пәкістан бұл айыптауларды жоққа шығарып, оқиғаға тәуелсіз тергеу жүргізуді талап етті.
Фото: Tauseef Mustafa/AFP