Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

Сұлу Бөлек

  • 11.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты толық әрі дереу тоқтату туралы келісімді растады, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Dawn басылымына сілтеме жасап.

Пакистан сыртқы істер министрі Исхак Дар әлеуметтік желідегі X парақшасында былай деп жазды:
«Пәкістан мен Үндістан атысты дереу тоқтату туралы келісімге келді. Пәкістан әрқашан аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті көздеген, бұл ретте өзінің егемендігі мен аумақтық тұтастығынан бас тартқан емес», — деді ол.

Үндістан сыртқы істер министрі Викрам Мисри екі елдің әскери операциялар басшылары келіссөздер жүргізіп, барлық жауынгерлік әрекетті тоқтату туралы уағдаласқанын хабарлады. Алайда ол «атысты тоқтату» деген терминді пайдаланған жоқ.

Премьер-министр Шахбаз Шариф АҚШ президенті Дональд Трампқа аймақта бейбітшілікке қол жеткізуде көрсеткен «көшбасшылығы мен белсенді рөлі» үшін алғыс айтты.

«Пәкістан бұл нәтижеге қол жеткізуге көмектескені үшін АҚШ-қа ризашылығын білдіреді. Бұл шешімді біз аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылық үшін қабылдадық», — деп жазды ол X желісінде.

Кеше АҚШ президенті Дональд Трамп екі елдің атысты дереу тоқтату туралы келісімге келгенін жариялаған болатын.

Алайда кейінірек Үндістанның Кашмир аймағында жарылыстар болғаны хабарланды. Соған қарамастан, Пәкістанның ақпарат министрі Аттаулла Тарар Үндістанмен арадағы атысты тоқтату режимі бұзылмағанын мәлімдеді.

Фото:depositphotos.com

 

Байланысты жаналықтар

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

10.05.2025

Пәкістан қорғаныс министрі ядролық қару қолдану мүмкіндігі туралы пікір білдірді

10.05.2025

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

10.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылыққа шақырды

08.05.2025
MalimBlocks
АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

Пәкістан қорғаныс министрі ядролық қару қолдану мүмкіндігі туралы пікір білдірді

Мұнай бағасы құлдырады. ОПЕК+ Ресейді дағдарысқа әкеле ме?

АҚШ, Бразилия, Иран сияқты елдер өндірісті ұлғайтып отыр

Талғар ауданында атыс болды

Қазақстан Үндістан мен Пәкістанды ұстамдылыққа шақырды