457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Үндістанда құлаған ұшақта қай елдің азаматтары болған?

Air India ұшағы дәрігерлерге арналған жатақхананың үстіне құлаған

Үндістанда апат болған Air India ұшағы дәрігерлерге арналған жатақхананың үстіне құлаған. Оқиға жөнінде Qaz365.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 


Ахмадабад әуежайы маңында апатқа ұшыраған ұшақта 240-тан астам адам болған.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнекадрларда ұшақтың тұрғын үйлердің үстінен ұшып өтіп, төмендей бастағаны, артынша жарылыс болғаны көрінеді. Ұшақ құлаған жерден от лап етіп, жалын аспанға көтерілген.

Бортта 230 жолаушы мен экипаждың 12 мүшесі: Үндістанның - 169, Ұлыбританияның - 53, Португалияның - 7, Канаданың бір азаматы болған.

Ұшақ капитанының 8 мыңнан астам сағат ұшу тәжірибесі болған. Екінші ұшақ мыңнан астам сағат ұшқан. Жолаушылардың арасында Гуджарат штатының бұрынғы губернаторы Виджай Рупани бар.

Еске сала кетейік, бүгін Үндістанның Гуджарат штатындағы Ахмадабад қаласының әуежайы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ Лондонға бағыт алған еді.

Куәгерлер апат болған жерден түсірілген бейнежазбаларды әлеуметтік желілерде жариялап жатыр.

Фото: Үндістандық БАҚ