457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қазаэронавигация» басшылығына дау тудырған зейнеткер ұсынылды

Бұған дейін сынға ұшыраған зейнеткер Фаат Богдашкин «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның  бас директоры лауазымына ұсынылды, деп хабарлайды Malim.kz КазТАГ-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын – “Қазаэронавигация” бас директорының бос лауазымына Богдашкин Фаат Фаритович ұсынылды», – делінген КазТАГ агенттігінің қолына түскен конкурс комиссиясы отырысының хаттамасында.

Богдашкин бұған дейін «Қазаэронавигация» РМК-ның бас директорының бірінші орынбасары болған. Ол 1955 жылдың мамыр айында Ресейде дүниеге келген.

Бұған дейін Фаат Богдашкинге қатысты кәсіпорын қызметкерлері тарапынан қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру барысындағы заңсыздықтар үшін сын айтылған.

Қазаэронавигация қызметкерлері бұл мәселе бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бас прокурорға жүгінген. Осы шағымдардан кейін қызметтен босату, лауазымын төмендету және туыстарға қысым көрсету сияқты әрекеттер орын алған.

Сондай-ақ, тұрғын үйді бөлу процесінің ашық еместігі, басшылыққа жақын адамдарға басымдық берілгені, тұрғын үй кезегінің әділ сақталмауы сынды шағымдар айтылған.

Қызметкерлер сонымен қатар анықтама алу қиындықтары және жекешелендіруге берген өтініштерді қысыммен қайтарып алуға мәжбүр болғандарын жеткізген.

Фото: әлеуметтік желі