Байден сайлауға қатысудан бас тартты
АҚШ президенті Джо Байден жақтастарының кеңесін алып, сайлауға төрт ай қалғанда Дональд Трамппен додаға түсуден бас тартты.
Себеп – сәтсіздіктер
Байден мәлімдемесінде өзі үшін Америка халқына президент ретінде қызмет етудің зор мәртебе екенін айта келе, сайлауға қатысуға ниетті екенін, алайда, партиясы мен елінің мүддесі үшін науқанға қатысудан бас тартқанын атады.
Х әлеуметтік желісінде жарияланған сөзінде АҚШ президенті вице-президент Камала Харриске ерекше серіктес ретіндегі жұмысы үшін ерекше алғыс айтты.
Енді Камала Харрис алдағы сайлауда Демократиялық партия атынан кандидат болуы мүмкін.
Байденге президенттік жарыстан бас тартуға қатысты ұсыныстар соңғы уақытта көп айтылды. Оған дейін 81 жастағы Байден Трамппен сайлау науқанына байлынасыты ұйымдастырылған пікірталаста сәтсіздікке ұшыраған еді. Ал жуырда өткен кездесулердің бірінде Украина президенті Владимир Зеленскийді "президент Путин" деп таныстырған.
Байденнің сайлаудан бас тартуы оның саяси мансабына нүкте қоймақ: Ол Барак Обама АҚШ-ты басқарғанда 8 жыл вице-президент болды. 2020 жылы АҚШ президенті Трампты сайлауда жеңді. Президент ретінде ол экономиканың өсуі, Американың халықаралық саясаттың бел ортасына оралуы және Украинаның Ресей агрессиясына қарсы тұруына қолдау көрсетті.
Байденнің президенттік сайлау додасынан шығуы ел тарихында ерекше орын алады. 1968 жылы АҚШ президенті Линдон Джонсон өз еркімен сацлауға қатысудан бас тартқан. Сол кезде оның вице-президенті сайлауда республикашыл Ричард Никсоннан жеңіліп қалған еді. 1981 жылы АҚШ президенті Рональд Рейганға қарулы қастандық жасалды. Биылғы сайлауалды митинг кезінде үміткерге оқ ату дерегі орын алды.
Байден неліктен мұндай қадамға барды?
Байденнің жасына қатысты сұрақтар оның сайлауға түсуге ұсынылған сәтінен басталды. Егер тағы сайланса, онда келесі президенттік кезеңнің соңында Байден 86 жасқа толар еді. Қазіргі президенттің қартайғаны туралы әңгіме маусым айында Трамппен пікірталастан кейін ашық айтыла бастады.
АҚШ президенті соңғы уақытта дағдарып, ойын дұрыс жеткізе алмайтыны байқалды. Ол мұны шаршаумен байланыстырып, көпшілікті соған сендіруге тырысты.
Алғашқы күндері Байденді сайлаудан бас тартуға үндеу журналистер тарапынан және анонимді дереккөздер тарапынан айтылған. Содан кейін партияның кейбір қалталы демеушілері мен актер Джордж Клуни ашық мәлімдеді. Ақыры бұған конгрессмендер қосылды. Мәселен, төменгі палатадан жиырма адам құптаса, ал сенаттағы демократтар Байденге сайлау додасынан кетуді ұсынды.
Байденнің жақтастары «оның күші тасып тұр және ешқайда кеткісі жоқ» деген тұрғыда ант-су ішті. Тіпті, бір жауабында Байден «Жаратушы иеміз құдай ғана жарыстан шығара алады» деп жауап берген еді.
Тың екенін дәлелдеу үшін НАТО саммитінде Байден қағазға қарамай-ақ сөйлеуге ниеттенді. Бірақ онысы қате болды. Оған дейін Байден бір сағат бойы журналистердің сұрағына жауап беріп шыққан. Одан соң Украина президенті Зеленскийді көпшілікке алдына шақыру кезінде: «Ханымдар мен мырзалар, президент Путин!» деп шатасты.
Ал баспасөз мәслихатында Камала Харристі «Вице-президент Трамп» деп атады.
13 шілдеде Пенсильванияда өткен митингіде Трамп қастандықтан аман қалды. Оған 20 жастағы жігіт ғимарат төбесінен бірнеше рет оқ атқан. Одан кейін Байден ковидке шалдықты.
Келесі үміткер – Камала Харрис
Енді алдағы сайлауда демократтар партиясынан вице-президент Камала Харрис басты үміткер болып отыр. Оның әлеуеті бәсекелестерінің арасында Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом, Мичиган штатының губернаторы Гретчен Уитмер және Иллинойс штатының губернаторы Джей Прицкер бар.
Камала Харрис танымалдық жағынан Байденнің асып түсе алмайды. Дегенмен, басқа бәскелестер көпшілікке ол сияқты танымал емес.
Демократиялық партияның үміткері туралы соңғы шешімді 19-22 тамызда Чикагода өтетін партиялық сайлаушылар съезде қабылдайды. Байден сайлаудан бас тартқанға дейін демократтар оның кандидатурасын ресми түрде шілде айының соңында қабылдамақ болған. Алайда, Огайо штатының заңын бұзбау үшін шешімді кейінге қалдырған.
Байден сайлаудан бас тартқан соң республикашылар саяси науқандағы негізгі қарсыласын жоғалтты. Олар Байденнің қабілетіне күмән келтіріп, жасының үлкендігін жиі сынға алатын. Ал Трамп қазір 78 жаста. Енді жасқа қатысты мәселені демократтар аргумент ретінде пайдалануы мүмкін.
Жаңа Economist/YouGov сауалнамасына сәйкес, Байденнің сайлаудан шығуы үшін америкалықтардың 51 пайызы дауыс берген. Алайда оның 30 пайызы қарсылық танытқан. Ал демократиялық партиядағы жақтастарының 44 пайызы «кету керек» десе, 41 пайызы «қалуы тиіс» деген пікірде болған.
BBC материалы негізінде әзірленді
Фото: BBC