Кім кімге масыл, Жамаубаев мырза?!

Халықты "масыл" дей бермей,  Ұлттық қорды толтырсын.

Malim Админ

  • 08.04.2022

Биліктің бишігін ысқыртып отырғандар өздерін сынағандар болса «масыл» деуден тайынбай келеді. Осындай жолмен кінәсін жуып, халықты тұқыртуды әдетке айналдырғандай.  Қазақстанды отыз жыл билеген Назарбаев бұқараны «масылдыққа бейім» деп жиі жазғыратын еді. Былтыр депутат Әли Бектаев та атаулы әлеуметтік көмек сұрағандарға қарата масылдық меңдей бастады деп көпшіліктің ашу-ызасын тудырған. Енді Қаржы министрі Жамаубаев шықты.  


Жуырда жалақы мәселесіне, бағаның қымбаттауыны байланысты Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Е.Жамаубаев журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол «біріншіден жұмыс істеу керек. Көп жағдайда үлкен кәсіпорындарда 300 мың теңгеге жұмысшылар келмейді. Себебі олар еркін жүріп – тұрғанды жақсы көреді. Нағыз қоғамдық жұмысқа араласқысы келмейді. Сондай масылдық жағдай орын алғаны белгілі» деді. 
«Жұмыс істеймін деген адамға жұмыс табылады. Көбісі жұмыс жоқ деп үйінде жатып алады» деп те кінәнің бәрін халыққа аудара салған.  

Жамаубаевтың бұл сөзіне депутаттар да пікір білдірді. Мәжілісмен Айбек Паяев Қаржы министрінің айтқаны дұрыс емес дейді. Оның айтуынша халық масыл емес. Бізге көптеген тауар импортпен келеді. Қазақстан өнімін өзі өндірмейді. Бәсеке жоқ. Сондықтан импортқа келетін кедергінің барлығын жою керек. Баж салығы, қосымша құн салығын алып тастасақ бізге тауар арзан келеді. Халыққа қолжетімді болады.  
Депутаттың пікірінше, халық өз күнін өзі көрсін десек, жаппай кәсіпкерлікті қолдау жағын нығайтуға тиіспіз. Бұл мәселе жөнінде кеше Үкімет ләм-мим деген жоқ. Бизнесті тексеруге тыйым салатын мараторий биыл аяқталады. Пандемиядан, басқа да қиындықтардан зардап шеккен кәсіпкерлер енді ғана кәсібін жүйелей бастады. Біз көбіне себеп салдармен күресіп жүрміз. Мәселенің алдын алу бойынша жұмыс байқалмайды деген депутат Үкіметті әрекет етуге шақырды.  

Өз сөзінде Паяев Қаржы министрінің пікірін терістеді.  «Халыққа жағдай жасай алмай отырған мемлекет. Бірінші елге жұмыс тауып беру керек. Бұқара жұмыс істеуге дайын. Айлық көтерілмесе де, баға шарықтап барады» деп қайырды.  
Ал экономист Сапарбай Жобаев министр Жамаубаев мұндай сөзді айтуға тиіс емес деп санайды.  Ол халықты масыл деп айтпас бұрын,  Ұлттық қордан ақшаны ала бермей, бюджетті толықтыру жағын ойлағаны дұрыс. Яғни салық түсімдерін көбейтуге тиіс. Салықты дәулетті депутаттардан бастап, әкімдер, минстрлер мен квазимемлекеттік кәсіпорындардың, медициналық қорлардың  басшыларынан көбірек қазынаға түсіруі керек. Мұқтаж адамдарға, жұмыссыздарға сол қаржыны жұмсау қажет. 
Сарапшының айтуынша, бізде қалталы шенеуніктер мен кәсіпкерлерден  де қарапайым азаматтардан да 10 пайыз салық ұсталады. Бұл -  теңсіздік.  Ол ақшасын қайда сақтарын білмей жүргендерге 25-30 пайыз салық алу керек. Сонда ғана Ұлттық қордан қаржы алу азаяды деп есептейді.  
Экономист С.Жобаев Ұлттық қордың бүйірі күннен күнге тесіліп бара жатқанын айтады. «Қорда бұрнағы жылы  90 млрд доллар ақша бар еді. 2019 жылы 63 млрд доллар  болса, қазір 55 млрд-ы  ғана қалды. Енді биыл соның 3,5 триллионын алмақшы. Өткен жылы Ұлттық қорға теңгемен де ақша түсірілген.  5 триллион теңге түскен болатын. Қазір Жамаубаев пен Қуантыров сол қаражаттың 1.6 триллионын қысқартып жатыр», дейді.

Ал елімізде жоғарғы айлық 300 мың теңге болса, орташа айлық жалақы 245 мың теңге шамасында. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сенсек, ақпан айында елдегі жұмыссыздар саны 451,3 мың адам болған. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9 пайызын көрсетті. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 161,9 мың адам немесе жұмыс күшінің 4,9 пайызы. 
Ресей мен Украина соғысы Қазақстан экономикасына әсері етпей қойған жоқ. Батыс елдерінің Ресейге салған санкциялары салдарынан елдегі  азық-түлік бағасы 30 пайызға қымбаттаған. Сәйкесінше, аталған қиындықтар азаматтардың жұмыссыз қалуына да ықпал етуде. Депутат Ерлан Сайыровтың айтуынша, елімізде ресми 2 млн 130 мың адам өзін өзі жұмыспен қамтушы болып есептеледі. «Осы санаттың ішіндегі 1 млн 905 мың адам өздері үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемін төлейді. Ал Қазақстан бойынша, жалпы 3,3 млн адам әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемінен жалтарып отыр. Яғни бұл азаматтар формальді түрде жұмыс істейді деп тіркелген. Жұмыссыз немесе жұмыс істегеннің өзінде табысы күнкөріс деңгейінен төмен деген сөз. Осы қарапайым есептің өзі еліміздегі жұмыссыздық деңгейі халықтың 4,5%-ынан жоғары екенін көрсетіп отыр», деді.  Кешегі мәжіліс отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ауылдық жерлерде 1,5 млн адамның жұмыспен қамтылмағанын, әлеуметтік кодексті талқылау барысында оны депутаттармен қарастыратынын айтып қалды.  

Сарапшы С.Жобаев Жамаубаевтың айтып отырған 300 теңгесі негізі құрылыс  саласында бар екенін мәлімдейді.  «Бұл салада 400-500 мың да табуға болады. Бірақ ондай жұмыстарға жастардың бармауының өз себебі бар. Қыста 40 градус суықта жұмыс істеуің керек. Мұндай қиындықтарға көпшілігі шыдамайды. Ол үшін жылы орындар жасақтап, әр 2-3 сағатта ауыспалы кезек ұйымдастырса азаматтар жұмыстан қашпас еді. Сондай-ақ, оларды кәсіби түрде оқыту керек», деген ұсыныс жасайды қаржыгер.   

Айтуынша, жылы креслода отырған министр халықтың басым бөлігі 100-150 мың ақшаға күнелтіп жүргенімен шаруасы жоқ.
Осылай деген сарапшылар масыл болып отырғандар халық емес, Үкімет дейді.  Депутат Паяев пен экономист Жобаев сөзін  Қаржы министрі халықтан кешірім сұрауы керек деп аяқтады.   Сонда кім кімге масыл?!  

О.Әбіл  

Байланысты жаналықтар

Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

12.12.2024

Өңдеу өнеркәсібі: 2024 жылғы негізгі нәтижелер белгілі болды

12.12.2024

Мемлекетке қайтқан активтер есебінен Ұлытау облысында мектеп салынады

12.12.2024

Депутаттар уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді наурызға дейін аяқтауды ұсынды

11.12.2024

Девальвация, Ұлттық қор және Еуразиялық одақ пен ортақ валюта туралы

07.12.2024

Халық тапқан-таянғанының жартысын тамаққа жұмсайтыны рас па? - Жұманғариннің жауабы

06.12.2024
MalimBlocks
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі

Өңдеу өнеркәсібі: 2024 жылғы негізгі нәтижелер белгілі болды

Мемлекетке қайтқан активтер есебінен Ұлытау облысында мектеп салынады

Үкімет активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді

Депутаттар уақыт белдеуіне қатысты зерттеуді наурызға дейін аяқтауды ұсынды

Парламент мәжілісінің депутаттары тиісті мемлекеттік органдарға бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмысын 2025 жылдың наурызына дейін аяқтауды тапсырды.

Девальвация, Ұлттық қор және Еуразиялық одақ пен ортақ валюта туралы

Егер 1994 жылғы девальвация болмаса, қазіргі уақытта теңге курсы 500-ге жетпес еді, әрі оған қатысты әңгімелерде «200-ге жете ме?» деп талқылап жатқан болар едік.

Халық тапқан-таянғанының жартысын тамаққа жұмсайтыны рас па? - Жұманғариннің жауабы

"Біз ақшаны тек тұтынушылық шығынға жұмсамаймыз" деді ол.