Солақайлар бай болуға бейім келеді - ғалымдар

Америкалық зерттеушілер солақай адамдардың бай болу мүмкіндігі жоғары екенін анықтады, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
ScienceDirect сайтында жарияланған зерттеуге сәйкес, әлемдегі ең ірі компаниялардың 1000 директорынан жартысына жуығы солақай болып шыққан. Олардың қатарында Стив Джобс, Билл Гейтс, Джон Рокфеллер, Марк Цукерберг сынды атақты тұлғалар бар.
"Ғалымдардың айтуынша, солақайлар көбіне стандарттан тыс ойлап, инновациялық технологияларды жиі қолданады және ерекше шешімдер қабылдай алады. Сонымен қатар, олардың сөйлеу дағдылары жақсы дамыған әрі реакциясы өте жылдам", – делінген зерттеуде.
Бұл қасиеттер олардың бірегей идеялар мен патенттер ойлап табуға бейімдігін арттырып, компанияның нарықтағы бәсекеге қабілеттігін жоғарылатады екен.
Дегенмен, мамандар байлыққа жетуде білім, генетика, отбасы тәжірибесі мен мансаптық жол секілді басқа да көптеген факторлардың әсер ететінін атап өтті.
Фото: pixabay.com