Теңге тағы теңселе ме? Валюта бағамына шолу

Бір айда ұлттық валюта бағамы 62,91 теңгеге артты.

Malim Админ

  • 14.04.2022

Биыл ақпан айының соңындағы геосаяси жағдайына байланысты ұлттық валюта «өзі де шығайын деп тұрған көз едінің» кебін киді. Сөйтіп теңге рекордтық деңгейде құлдырады. Наурыз айында айырбас бағамы алғаш рет 1 АҚШ доллары – 500 теңгеден асты. Ең жоғары нарықтық бағам – 1 АҚШ доллары – 512,19 теңге болса, 16 наурызда айырбастау пункттерінде 1 доллар 520 теңгеден жоғары сатылды.

Қазірдің өзінде валюта бағамы тұрақты емес. Мәселен, биыл 11 сәуіріндегі жағдай бойынша теңгенің АҚШ долларына қатысты ресми бағамы бір айда 12,3%-ға немесе 62,91 теңгеге артып, 1 АҚШ доллары – 446,89 теңге болды. Дейтұрғанмен кейінгі кездерде Қазақстан ұлттық валютасының құны артып келе жатқаны байқалады. Мұны сарапшалар Ресей мен Украина арасындағы соғыс жағдайының біршама бәсеңдеуімен немесе форсможар жағдайға әлем экономикасы бой үйрене бастауынан дейді.

Ресей мен Украина арасында келіссөздер жүріліп жатыр, бірақ әлі де бір нақты мәмілеге келген жоқ. Санкцияның астында қалған Ресей рублінің құны құлдырай түсті. Әйткенмен Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі. Сондықтан рубльдің долларға шаққандағы бағамының өзгеруі Қазақстан теңгесіне де әсер етеді. 11 сәуірде рубль алғашқы құлдыраудан кейін 33,4%-ға құны сәл артты.

Теңге құнының артуына сыртқы факторлармен қатар ішкі факторлар да оң әсер етіп отыр. Геосаяси жағдайлардың нашарлауы себепті Қазақстан Ұлттық банкі мен Үкімет бірқатар шараларды қолға алды. Жұмыс барысы әлі жалғасып жатыр. Осылайша, биыл 24 ақпанында Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 10,25%-дан 13,5%-ға дейін көтерді. 10 наурызда мөлшерлеме бұрынғы деңгейде сақталды. Базалық мөлшерлеме бойынша жедел шешім теңге бағамына келген қысымды, атап айтқанда алыпсатарлық қысымды төмендетуге көмектесті деуге болады. Мамандардың пікірінше, бұл – инфляция мен девальвациялық құлдырудың алдын алу дейді.

24 ақпанда елімізде Ұлттық бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың салымдары бойынша өтемақы (сыйақы) есептеуді қарастыратын теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасы іске қосылды. 2022 жылғы 23 ақпанда қалдық шегінде көрсетілген салымдар бойынша жалпы сомада әрбір банкте 1 адамға 10% мөлшерінде өтемақы (сыйлықақы) есептелді, бірақ бұл 20 млн. теңгеден аспайды. Ал 12 наурызда Қазақстан Ұлттық банкі қолма-қол шетел валютасын сатып алу мен сату арасындағы айырмашылықты оңтайландыру жобасын әзірледі. (Шешім бір күн бұрын күшіне енді). Жоба бойынша айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын операцияларды, яғни шетел валютасын қолма-қол сатып алу және сату бағамының жұмысын бақыламақ.

Аталған жобаның мәтінінде, «баға ұлғаюының шегі – АҚШ доллары – 6 теңгеден 15 теңгеге дейін, еуро – 7 теңгеден 20 теңгеге дейін, 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жарамды» делінген. Яғни бұл, валюта нарығындағы алыпсатарлар мен  қаржы нарығына қатысушылардың әрекеттерін бақылауға арналмақ. Алайда бұл қаншалықты жүзеге асатыны белгісіз.

14 наурызда валюта тұрақсыздығын алдын алу және алыпсатарлық сұраныстың қысымын төмендету мақсатында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен қолма-қол шетел валютасын және ақша құралдарын Қазақстаннан шетелге шығаруға белгілі шектеулер енгізді. 10 000 АҚШ доллардан асатын сомада шетел валютасын, сұрыпталған алтынның құймаларын (салмағы 100 грамнан асатын) және Қазақстан Ұлттық банкі шығарған алтын мен күмістен жасалған инвестициялық монеталарды шығаруға шектеу қойылды.

Сонымен қатар ел экономикасына сыртқы қысымды болдырмау және ішкі валюта нарығындағы тепе-теңдікті сақтау мақсатында наурыз айыннан бастап Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенциялауды белсенді қадағаламақ. Айдың қорытындысы бойынша олардың көлемі – 990,5 млн АҚШ долларыға жетті, бірақ бұл 2017 жылдан бергі көрсеткіш екенін де ескер кетейік. Нәтижесінде мемлекет тарапынан қабылданған шаралар және қазіргі сыртқы факторлар теңге бағамын тұрақтандыруға әсер ететіні сөзсіз.

Наурыз айының басында S&P халықаралық рейтинг агенттігі құбылмалы айырбас бағамы режимі экономикаға сыртқы қысымға бейімделуге көмектескенін растағанын айта кеткен жөн. S&P мәліметінше, теңге 2022 жылдың екінші жартысында құны арта түседі деп болжайды.

12 сәуір күнгі үкіметтің отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов «Қазақстанның валюта нарығындағы жағдай тұрақталды» мәлімдеді. Пірматовтың айтуынша, бюджетке берілетін төлемдер үшін Ұлттық қордан 891 млн долларды сату және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 233,4 млн доллар мөлшерінде валюталық түсімдерін сату – теңгеге қолдау дейді. Алайда Пірматов айтқан «тұрақтылық» қаншаға созылатыны белгісіз.

Бақыт БЕКОВ

 

Байланысты жаналықтар

Доллар бағасы 600 теңгеге өсуі мүмкін бе?

21.11.2024

Доллардың бүгінгі бағасы

21.11.2024

Доллар құны 500 теңгеге жетті. Ұлттық банк жаңа талап енгізеді

19.11.2024

Ақша айырбастау пункттерінде доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

18.11.2024

Доллар құны күн сайын құбылып тұр

14.11.2024

Доллар құны күрт өсті

13.11.2024
MalimBlocks
Доллар бағасы 600 теңгеге өсуі мүмкін бе?

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 494 – 499 теңге аралығында саудаланып жатыр

Доллардың бүгінгі бағасы

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 497,3 теңгеден сатылып жатыр

Доллар құны 500 теңгеге жетті. Ұлттық банк жаңа талап енгізеді

Мұнай нарығында да пессимистік ахуал байқалып отыр

Ақша айырбастау пункттерінде доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 497,1 теңгеден сатылып жатыр

Доллар құны күн сайын құбылып тұр

13 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 492,22 теңге болған

Доллар құны күрт өсті

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 494 теңге