Тоқаев төтенше жағдайда интернетті өшіре ала ма?

Malim Админ

  • 15.03.2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында елде төтенше жағдай енгізді. Бұл - тәуелсіз Қазақстан тарихында бүкіл республика аумағында енгізілген алғашқы төтенше жағдай.

Тоқаевтың жарлығына сәйкес, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін мемлекеттік комиссия құрылады. Мемлекеттік комиссияға "Төтенше жағдайлар туралы" заңда көрсетілген өкілеттіліктер беріледі.

Төтенше жағдай кезінде мынандай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілді:

  1. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және  ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтіледі;
  2. Ірі сауда нысандарының жұмыс істеуіне шектеу қойылады;
  3. Сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер және адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың қызметі тоқтаталады;
  4. Карантин енгізіледі;
  5. Ойын-сауық,  спорттық  және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ  отбасылық,  салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынады;
  6. Ел аумағына көліктің барлық түрімен кіруге және шығуға шектеу қойылады. Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, бұл негізінен шетел азаматтарына қатысты шектеу. Шетелде жүрген қазақстандықтар елге кіре алады.

Заң бойынша, төтенше жағдай кезінде "үкімет айқындайтын тізбе бойынша мемлекеттік органдардың, үкіметтік байланысты, сондай-ақ шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желілері мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметін тоқтата тұруға құқығы бар".

Төтенше жағдайда кезінде парламент мәжілісін таратуға болмайды.

Бірақ "Төтенше жағдай туралы" заңда да, "Қауіпсіздік кеңесі туралы" заңда да елбасы және Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың міндеттері жазылмаған.

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

15.05.2025

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

13.05.2025

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Ұлттық банк өкілдері Тоқаев алдында есеп берді

Тоқаев пен Абу Дабидің Тақ мұрагері өзара ынтымақтастық бойынша құжат алмасты

Алматыда жер сілкінді

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады