Жасөспірімге темекі сатпа: Сатушылардың жауапкершілігі қандай?
Халық денсаулығын қорғау жолында жақында ғана темекі өнімдерін сату және жарнамалауға қатысты жаңа заң қабылданды. Жаңа ереженің бір шарты енді сатушылар темекі алатындардың жеке куәліктеріне қарауы керек. Бұл талапқа қоғамның көз-қарасы әртүрлі. Ал сатушылардың өздері не ойлайды? Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы (ҚСКҚ) «Adal Nietpen» жобасы осы сұраққа жауап іздеп, 400 дүкен сатушысына (әр қаладан алынған) сауалнама жүргізіпті.
«Жасөспірімге никотині бар өнімді сату-сатпау шешімі не береді? Жаңа ереже мен тиымдардың орындалуы тетігіне қатысты сатушылардыңойы қандай? Осы жағдайды толығырақ түсінуге бұл сауалнама көмектеседі. Adal Nietpen жобасының тиімділігі де осындай істерде байқалады», - дейді ҚСКҚ басқармасының вице-президенті Жібек Әжібаева.
Сонымен сауалнама қорытындысы бойынша:
Сатушылардың 37 пайызы кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуға салынған тыйым – темекі шегуге қарсы күрестің тиімді шарасы деп санайды.
Сатушылардың жартысынан көбі (55%) сауда орындарында кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатпау тыйымы орындалады дейді. Ал әрбір бесінші сатушы керісінше боларына сенімді.
Сатушылардың пікірінше, тыйымға қарамастан кәмелетке толмағандарға темекі сатудың негізгі себебін – қаржылық және табыс табу қажеттілігімен түсіндіреді (47 пайыз).
Сатушылардың едәуір бөлігі (37 пайыз) темекі шегу мен никотинге тәуелділікпен күресуде дүкен сатушыларының маңызы мардымды емес дейді.
Сұралған сатушылардың 53 пайызы өздері тұратын қалалардағы дүкендерде кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату жағдайлары туралы естіген.
Сатушылардың 54 пайызы кәмелетке толмаған сатып алушыға темекі өнімдерін сатудан бас тартса, олар өнімді басқа дүкеннен сатып ала алады деп санайды.
Сатушылардың 20 пайызы тыйымды бұзған сатушылар бұған жиі жауап береді деп санайды.
Көптеген сатушылар (91 пайыз) темекі өнімдерін сату ережелерінің толық сақталуын мәлімдейді. Егер әлеуетті сатып алушының жасын анықтау қиын болса, 10 сатушының 9-ы жеке куәлікті көрсетуді сұрайды.
Сонымен қатар, сатушылардың темекі өнімдерін сатқаны үшін жауапкершілігі туралы пікірлер екіге бөлінді: сауалнамаға қатысушылардың 50 пайызы сатушы кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқаны үшін жауапты болуы тиіс деген пікірді ұстанады, 46 пайызы олардың жауапкершілік аймағына тек дүкенде тауарды сату кіреді және балалар арасында темекі шегуге қарсы күрес үшін ата-аналар мен мемлекет жауапты деп санайды.
«Кәмелетке толмағандар әдетте өте аңғал, өмірлік тәжірибесі жоқ жандар. Бүгін әуестік көрген ермектері ертең өмір бойы зардапқа ұрындыратынын түсінбейді, білмейді. Сондықтан, сатушылар біздің қозғалысқа қосылып, өскелең ұрпаққа жауапкершілікпен қарауға шақырамыз», - дейді ҚСКҚ атқарушы директоры Ермек Рахметов.