Білім беру реформалары еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттырады

3 1000-нан астам мектеп цифрлық білім ресурстарын тиімді пайдалана бастады

Malim Админ

  • 22.05.2025

Кейінгі жылдары елімізде білім беру жүйесін түбегейлі реформалау бағытында нақты әрі кешенді шаралар қабылданып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл саланы ел дамуының негізі, адами капиталды нығайтудың басты тетігі ретінде қарастырып отыр.

Осы бағытта қолға алынған реформалар еліміздің болашағы – жас ұрпаққа сапалы білім беріп қана қоймай, олардың әлеуетін толық ашуға, кәсіби тұрғыда дамуына және әлемдік еңбек нарығына бейімделуіне жол ашуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабай төрінде өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында білім саласына арнайы тоқталған болатын.

Биыл елімізде 500 мың оқушыға арналған екі жүзден астам мектеп салынады... Мына жайтты қаперде ұстаған жөн: барлық жерде тек «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу міндетті емес. Сапалы салынған қарапайым мектептерге де сұраныс жоғары. Жуырда Талдықорғанға бардым. Ондағы қазақ мектебі қарапайым болса да тартымды. Осындай мектептерді барлық жерде салу керек. Өйткені «Жайлы мектептер» айтарлықтай қымбат, оны әр облысқа сала берудің қажеті де шамалы. Үш жылда 1300, соның ішінде ауылдағы 900 білім ордасын жаңғырту қажет,- деп атап өтті мемлекет басшысы.

Бүгінде шалғай аймақтардағы жастар үшін сапалы білім алу мүмкіндігін кеңейту мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл мақсатта қашықтан оқыту платформалары мен онлайн курстар кеңінен енгізіліп, ауылдық мектептердің интернетке қолжетімділігі жақсартылды. Нәтижесінде, 3 1000-нан астам мектеп цифрлық білім ресурстарын тиімді пайдалана бастады. Сонымен қатар, «Білімді ұлт» ұлттық жобасы аясында білім гранттарының саны айтарлықтай артты. 2025 жылға жоспарланған жоғары білім беру гранттарының саны бүгінде 88 мыңға жетті. Оның басым бөлігі инженерлік, IT, жаратылыстану және педагогика салаларына бөлінеді. Бұл – экономиканың нақты секторларын қажетті мамандармен қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Президенттің тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан тағы бір маңызды бастама – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы. Бұл жоба аясында елімізде 842 мың оқушы орнына арналған 400-ден астам жаңа мектеп салу көзделген. 2024 жылдың алғашқы тоқсанында ғана 62 жаңа мектеп іске қосылып, құрылыс қарқыны әлі де жоғары қарқынмен жалғасуда. Бұл мектептер заманауи зертханалармен, робототехника кабинеттерімен, хореография залдарымен және коворкинг кеңістіктерімен жабдықталады. Сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін инклюзивті орта қалыптастырылып жатыр. Алматы қаласында, мысалы, 2025 жылы дейін 22 жаңа мектеп салу жоспарланған. Бұл бастама апатты, үш ауысымды және оқушы орындары тапшы мектептер мәселесін шешуге арналған.

Болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптерге бейімделген мамандарды даярлау – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта нақты жұмыстар басталып та кетті. Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастыруда. Қазіргі таңда елімізде шетелдің әлемге танымал 23 жоғары оқу орны жұмыс істеп жатыр. Бұл оқу орындарының елге келуі жергілікті білім беру стандарттарының көтерілуіне, білім беру сапасының артуына және қазақстандық студенттердің әлемдік деңгейде білім алуына жол ашып отыр. Сондықтан оларға барынша қолдау көрсету қажет. Атап айтқанда, мұндай университеттерге берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп ұлғайтып, олармен бірге қазақстандық университеттердің де бәсекеге қабілетті білім бағдарламаларын қолдау маңызды. Гранттар нақты сапаға, сұранысқа және нәтиже көрсеткіштеріне негізделіп бөлінуі тиіс. Мемлекеттік қаржыны барлық университетке бірдей бөліп, тиімділігі төмен оқу орындарына ресурсты ысырап етіп шашуға жол берілмеуі керек.

Үздік университеттердің нақты өндіріс секторы мен ғылыммен байланысын күшейту де – басты басымдықтардың бірі. Инновациялық саясат еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен тығыз байланысты болуы тиіс. Бұл бағыт қолданбалы ғылымның әлеуетін арттырып, әр саладағы технологиялық жаңашылдықтарды жылдам енгізуге серпін береді. Сонымен қатар ғалымдардың шетелдегі тағылымдамасы жай ғана формалды академиялық туризмге айналмай, нақты ғылыми нәтижеге, тәжірибеге және өндіріске бағытталуы тиіс.

Білім беру реформасы тек жоғары оқу орындарымен шектелмейді. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында да жүйелі өзгерістер қолға алынуда. Колледж түлектерін сұранысқа сай дайындау – экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етудің негізі. Осы орайда, Үкімет колледжде үздік оқыған түлектерді өз мамандығы бойынша мемлекеттік қызметке қабылдау мүмкіндігін қарастыруы керек. Бұл жастардың жұмысқа орналасуына жол ашып қана қоймай, мемлекеттік басқаруда кәсіби кадрлардың үлесін арттырады. Сонымен қатар, дуальды білім беру жүйесі кеңінен енгізілуде – бұл студенттерге оқу барысында нақты өндірісте тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Инфрақұрылымы жаңартылған колледждер, жаңа білім беру бағдарламалары мен заманауи құрал-жабдықтар – мұның бәрі еңбек нарығының талаптарына толық жауап беретін мамандар даярлауға бағытталған.

Қорыта айтқанда, білім беру реформалары – еліміздің интеллектуалдық әлеуетін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді, стратегиялық маңызды қадамдар. Бұл реформалар жастардың болашағына жол ашып, әлеуметтік әділеттілік пен экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Президент Тоқаев айтқандай, «білімді ұлт – табысты мемлекет негізі», сондықтан білімге құйылатын  инвестиция  үзілмейді. 

Фото: Ұлттық тестілеу орталығы


 

Байланысты жаналықтар

Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

23.05.2025

Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

23.05.2025

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

23.05.2025

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

23.05.2025

Ұлттық құрылтай құрамында өзгеріс енгізілді

22.05.2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
MalimBlocks
Президент ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Тоқаев Зәкиеваға "Қазақстан балалары" бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Президент Жасыл климат қорының атқарушы директорын қабылдады

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Ұлттық құрылтай құрамында өзгеріс енгізілді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты