Бүгін – ғылым қызметкерлерінің күні

Арман Қайыпхан

  • 12.04.2025

2012 жылдан бастап елімізде ғалымдардың кәсіби мерекесі аталып өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгінде елімізде 25 мыңнан астам ғалым еңбек етеді, олардың жартысы – 40 жасқа толмаған жас зерттеушілер.

Бұл датаның дәл 12 сәуірге таңдалуы да тегін емес. Өйткені бұл қазақ ғылымының негізін қалаушы, еліміздің тұңғыш академигі, көрнекті геолог әрі қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күніне сәйкес келеді.

Қаныш Сәтбаев – қазақ ғылымының қалыптасуына зор үлес қосқан тарихи тұлға. Ол Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті болды, және Қазақстандағы көптеген ірі кен орындарын зерттеп, ғылыми тұрғыда дәлелдеген.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025-2027 жылдарға арналған ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 531,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Елімізде жыл сайын ғалымдарға мемлекет тарапынан тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді.

Атап айтқанда, 423 жас ғалымға пәтер берілсе, ғалымдардың жалақысы 18 пайызға өсті. Бұдан бөлек бұл сала мамандарына ғылыми атақтары үшін қосымша ақылар 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін көтерілді. Сонымен қатар 500 ғалымға шетелде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілсе, «Жас ғалым» гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар іске асырылды. «Үздік ғылыми қызметкер» номинациясы бойынша 2000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 50 сыйлық тағайындалды. Ал 2024-2025 оқу жылына арналған докторантураға ғылыми кадрлар даярлау үшін 2919 грант бөлінді.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

17.04.2025

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

16.04.2025

Бүгін тойланған Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнінде қанша жұп неке қиды?

15.04.2025

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады

13.04.2025

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

10.04.2025

"Cоғыстың кесірінен Рамазан мерекесін мұсылмандар тойлай алмай отыр" - БҰҰ бас хатшысы

31.03.2025
MalimBlocks
Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған спектакль қойылды

«Болашақ» бағдарламасына жас шектеуі енгізіледі

Бүгін тойланған Қозы Көрпеш-Баян сұлу күнінде қанша жұп неке қиды?

Мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады

Президент бір топ ғалымды мемлекеттік наградамен марапаттады

Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды

"Cоғыстың кесірінен Рамазан мерекесін мұсылмандар тойлай алмай отыр" - БҰҰ бас хатшысы

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады