457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Маңғыстауда ерекше бейнероликтер байқауы өтті

Бүгін «Zerde+» жобасы аясында өткізілген «Менің ерекше досым» облыстық бейнероликтер байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

1 орын иегеріне 200 000 теңге, 2 орын (2 қатысушы) иегерлеріне 100 000 теңгеден, 3 орын (4 қатысушы) 50 000 теңгеден, жалпы жиыны 600 000 теңге қаржылай сыйақы берілді.


«ZERDE+» жобасы аясындағы «Менің ерекше досым» бейнероликтер байқауының жеңімпаздары:

1 орын - С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясының оқушылары Хайрат Ләззат мен Пирманова Аяжан (Жетекшісі-Гаухар Досқалиева);

2 орын - Қарақия «№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ –нің 5-сынып оқушылары Серік Майра мен Түгелбай Маншүк (Жетекшісі – Алия Джарлгаева);

2 орын - Қарақия «№5 жалпы білім беретін мектеп» КММ –нің оқушылары Тоқбай Айдын мен Оңайбай Самат (Жетекшісі – Ақжүніс Абуова);

3 орын - Ақтау қаласындағы «№24 жалпы білім беретін мектеп оқушылары Жетібай Айзере мен Әлібекқызы Жанбота (Жетекшісі – Назерке Адилбек);

3 орын - №6 Арнайы балабақша тәрбиеленушісі Баймағамбетова Гаухар (Жетекшісі – Қ. Маратов);

3 орын - Мұнайлы ауданының №3 жалпы білім беретін мектебі, Жақсылық Мансур пен Байтөре Оралбек (Жетекшісі – Махаббат Исмайлова);

3 орын - Маңғыстау ауданы «Т.Жалғасбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің Елубайұлы Алаш пен Ақиқат Салауат (Жетекшісі – Ақырыс Қанатбаева);

Байқауды Маңғыстау облысының білім басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» ұйымдастыруымен, «Қолдау» орталығы жеке меншік мекемесі өткізді.

Фото: «Қолдау» орталығы  

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған