457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сейсмикалық қауіпсіздік: қазақстандық ғалым Жапония тәжірибесін меңгерді

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ маманы Қанатова Жанна Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және Сейсмология және сейсмостойымды құрылыс жөніндегі халықаралық институты (IISEE/BRI, Жапония) ұйымдастырған бірлескен білім беру бағдарламасына сәтті қатысты.


«Маңызды ғимараттар үшін, сейсмикалық апаттар қаупін төмендету шараларын күшейту» – атты бағдарлама сейсмикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы кең ауқымды дәрістерді, тәжірибелік сабақтарды және техникалық сапарларды қамтыды. Екі ай ішінде қатысушылар ғимараттардың сейсмикалық жағдайын бағалау әдістерін, құрылымдарды нығайту тәсілдерін, құрылыс негізімен өзара әрекеттесу технологияларын, топырақты зерттеу және нығайту әдістерін, сондай-ақ сейсмикалық мониторинг жүйелерін меңгерді.

Курс аясында ғимараттардың сейсмикалық осалдығын бағалау, оларды нығайту әдістері (соның ішінде сейсмоизоляция және демпферлер), құрылыс пен топырақтың өзара әрекеттесуі, инженерлік-геологиялық зерттеулер және Жапонияда қолданылатын заманауи қада технологиялары бойынша тақырыптарға ерекше назар аударылды.

Жапондық тәсілдер мен технологияларды қолдану болашақта болуы мүмкін жер сілкіністері жағдайында ғимараттардың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі