457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ШҚО-да облыстық тамыз конференциясы өтті

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының педагогтеріне арналған дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Биылғы конференция «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында ұйымдастырылып, білім сапасын арттыру мен білікті мамандар даярлау мәселелеріне арналды.


Конференцияның басты мақсаты – тәжірибе алмасу, сонымен қатар жауапкершілігі жоғары, адал азаматты тәрбиелеудің тиімді жолдарын бірлесе талқылау. Конференция бағдарламасы төрт негізгі бағытты қамтыды: инновациялық цифрлық технологиялар көрмесі, пленарлық отырыс, секциялық жиындар қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылдау және өңірдің үздік педагогтері мен білім беру ұйымдарын марапаттау рәсімі. Биылғы жиында жаңа оқыту модельдері мен жасанды интеллектті білім беру үдерісіне енгізу мәселелеріне айрықша назар аударылды. Конференция аясында сөз сөйлегендер қатарында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан, ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек, ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№40 жалпы орта білім беретін мектебі » КММ директоры Асем Чамакаева, «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Максим Мамаев, «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев және «eData.Kz» ЖШС басшысы Санжар Кенжеханұлы болды. Салтанатты бөлім барысында өңір педагогтері мен білім беру ұйымдарына мемлекеттік және облыстық деңгейдегі марапаттар табысталды. Атап айтқанда, «Құрмет» ордені, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар, сондай-ақ «2025 жылғы Ең үздік орта білім беру ұйымы» атағына арналған грант сертификаттары мен облыстық құрмет наградалары берілді. – Ең алдымен, білім саласындағы барлық қызметкерлерге шынайы алғысымды білдіргім келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық тамыз конференциясында өз сөзінде елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты екенін ерекше атап өтті. Мемлекетімізді келешекте одан әрі қарқынды дамыту үшін педагогикалық қоғам алдына үнемі өзін-өзі жетілдіру міндеті қойылады, себебі білім беру саласы - құқықтық экономиканың тірегі, қозғаушы күші екені барлығымызға мәлім, – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде. Айта кетейік, 22 тамыз күні конференция аясында 1300-ден астам педагог қатысатын 25 пәндік интерактивті алаң ұйымдастырылады. Бұл іс-шара өңірдегі білім беру жүйесіне озық тәжірибелерді енгізуге және ұстаздар арасында кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік бермек.

Фото: ШҚО әкімдігі 

Өзбектерді той шығыны мазалайды
Аналитика
|
14.07.2025 17:13
2025-07-14 17:13:00

Ең көп оқылған