Әйел құқығын қорғау үшін БҰҰ жанынан банк құруды ұсынды

Malim Админ

  • 02.10.2020

Лаззат Рамазанова Әйелдер құқығын қорғауда тәжірибе алмасу үшін БҰҰ жанынан біріккен банк құруды ұсынды.  2020 жылғы 1 қазанда Нью-Йоркте «Гендерлік теңдікті жеделдету және барлық әйелдер мен қыздарға мүмкіндік беру» атты әйелдер жөніндегі бүкіләлемдік конференция өтті. Конференция БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында әйелдердің құқықтарын қорғау туралы Пекин декларациясының 25 жылдығына арналған. Қатысушылар алдында Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазанова сөз сөйледі.

Ол Пекин декларациясы Қазақстандағы гендерлік прогресстің катализаторына айналғанын атап өтті. Гендерлік саясаттың ұлттық моделі, әйелдердің құқықтарын қорғаудың құқықтық базасы мен тетіктері құрылды. 2030 жылға дейінгі отбасылық-гендерлік саясат тұжырымдамасының екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Ол Пекин декларациясы мен Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы конвенцияны жүзеге асыруға бағытталған. Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдануда.

"Жыл басында әйелдер мен балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына, адам саудасына және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Парламентте депутаттардың Ұлттық комиссиямен бірлесіп бастау алған отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және гендерлік саясат туралы заң жобалары қаралуда. Әйелдердің саясаттағы өкілдігінде, олардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуде прогреске қол жеткізілуде», - деді Лаззат Рамазанова.

Бүгінгі таңда Қазақстанның мемлекеттік қызметіндегі басшылық қызметтердегі әйелдердің үлесі 40% құрайды. Парламент Мәжілісіндегі өкілдік - 27%, жергілікті өкілді органдарда - 22%. Әйел судьялардың саны 51% жетті. Сонымен бірге әйелдердің 43% -ы шағын және орта бизнесте жұмыс істейді, ал 78% -ы жеке кәсіпкерлер. Екінші деңгейлі банктердің басқару құрамында 25% әйелдер.

Ұлттық комиссия төрайымы Қазақстан әйелдері пандемия жағдайында жанқиярлықпен жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бұл, ең алдымен, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлер, олардың осы салалардағы үлесі 71% құрайды. Қазақстан ақшалай және азық-түлік көмектен, әлеуметтік төлемдерді индекстеу және бизнесті қолдау бойынша шұғыл шаралар қабылдаудан тұратын дағдарысқа қарсы шаралар пакетін қабылдады.

Қазақстан БҰҰ бастамасымен БҰҰ-75 форматында Әлемнің болашағы туралы жаһандық дискуссияны қолдайды. Бүгінде адамзатқа тез арада қауіп төндіретін қатерге қарсы елдердің күш-жігері мен интеграциясын біріктіру қажет.

«Біз БҰҰ платформасында жаһандық дағдарыстан кезең-кезеңімен шығу бойынша ұсыныстар әзірлейтін дағдарысқа қарсы орталық, сондай-ақ, әйелдердің құқықтарын қорғау, олардың сақталуын бақылау жөніндегі шараларды жүзеге асырудағы мемлекеттердің озық тәжірибелермен жедел алмасу үшін бірыңғай Банк құруды ұсынамыз. Бірлескен тәжірибе заманауи сын-қатерлерден иммунитетке айналатыны сөзсіз және бұл алға жылжудың негізі», - деп атап өтті Лаззат Рамазанова.

 

Баспасөз мәліметінен