457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ақын Мақпал Мыса «Жастар театры» директорының орынбасары қызметіне тағайындалды

ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Мақпал Мыса «Жастар театры» директорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы elordamedia.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 


Мақпал Мыса 1983 жылы 26 желтоқсанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылдық округі (Райымбек ауданы) дүниеге келген.

Ел тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына орай Павлодар қаласында өткен жас қаламгерлер фестивалiнде Майра Уәлиқызы атындағы сыйлықтың иегері атанды.  «Жалын» баспасынан шыққан «Мен керекпiн» атты жыр жинағы оқырманға жол тартты.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Фонды мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының бірлесіп жасаған «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауында 1-орынды жеңіп алды.

2018 жылы білікті аударма үшін Ресей Жазушылар одағының шешімімен Керим Срамурзаевич Отаров есімімен алтын медалінің иегері атанды.

2018 жылы ұйымдастырылған «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары атанды.

2019 жылы 15 мамырдан бастап «Алматы телеарнасында» эфирге шығатын «Сәуле ғұмыр» әдеби-танымдық бағдарламаны жүргізді.

Сонымен қатар «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетілген “Мәртебелі өнер” жобасының авторы ретінде де театр мен телевизия саласын айрықша үндестіріп, замануи бағыттағы мәдени-телевизиялық шоуды көрерменге ұсынды, руханият саласын дамытуды негіз етіп, сахна өнерін заманға сай трансформациялау, жетілдіру мен толықтыру бағытында өзінің айқын қолтаңбасын таныта алды.

Руханият саласының дамуына инклюзия бағытында, яғни жаңа заман зердесімен көз тастап, балаларға арналған ерекше кітап шығарды. Алматы облысы әкімдігімен бірлесе атқарылған еңбек нәтижесінде толымды, брайль қарпінде таңбаланған  кітап жарық көрді, жас толқынға жол тартты. 

М.Мазаққызы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің YII-шақырылым депутаты болды.

Фото: elordamedia.kz