«Ashyq» пен арақашықтықта студент қалай оқып жүр?

  • 15.09.2021

Биыл жаңа оқу жылы дәстүрлі партаға отырудан яғни,  офлайнның оралуымен басталды. Оқушыларға вакцина салдыру міндетті емес, алайда жоғары оқу орындарындағы 18 жастан асқан студенттерге міндеттелген. Мәлім.кз тілшісі Алматы қаласындағы студенттерден офлайн оқудың санитарлық талаптары қалай өтіп жатқанын сұрап көрді.

Айсұлу Казиева Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің биотехнология мамандығында төртінші курста оқиды. Оның айтуынша, университет қабырғасында санитария нормалары қатаң сақталған. Ғимаратқа кіру үшін бірінші дезинфекциялық тунельден өтіп, содан соң «Ashyq» қосымшасы арқылы QR кодты сканерлеп, вакцинация статусы тексеріледі. Айсұлудың тобындағы студенттер толық вакцинацияланған.

 

Университетте санитарлық шараларды қадағалау мақсатында арнайы мамандар тағайындалған. Олар кіре берісте және орталық дәлізде тұрады. Құрбыларым вакцинаны жатаханаға орналасуға және  ПТР тестін апта  сайын таптырмас үшін, сондай-ақ өз қалауымен салдырғандар да бар, – дейді Айсұлу.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үшінші курс студенті Нұрай Игілікқызы оқудың алғашқы аптасы жақсы өткенін айтады. Оның айтуынша, кейбір студенттер медмаскасыз кіре алмай, сабаққа кешіккен.

Нұрайдың сабақтарында бір партада бір студенттен ғана отырады. Ал кейбір оқытушылар студенттердің барлығына сабақ уақытында медмаска тағуды талап етеді екен.

Университетке вакцина салдырған құжатымызды көрсетіп кіре аламыз. Студенттер аз, сондықтан әр группаның сабағы әр жерде болады. Бір жерде жиналып тұратын топ студентті көрмедім. Тобымдағы барлық студент вакцина салдырып келді, ол алдын ала ескертілді, – дейді Нұрай.

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы студенттері де вакцина құжатынсыз оқу орнына кіре алмайды екен. Мысалы, Дінмұхаммед Төлеген офлайн оқу үшін екпе алғанын айтады.

Университетте санитария талаптары толық сақталған. Арақашықтық сақтау тәртібі мен бетперде тағуды қатаң түрде тексереді. Сабақтар әр түрлі кабинетте өтеді, мүмкіндік болса, бөлек отырамыз. Ал кішкентай кабинетте бір партаға екі адамнан отыруға тура келеді. Себебі менің тобымда 28 студент бар, – дейді Дінмұхаммед.

 

Ақжан Кожабекова - Алматы Техникалық университетінің бірінші курс студенті. Стандартизация, сертификация и метрология мамандығы бойынша оқуға түскен. Пандемияға байланысты үш күн офлайн, екі күн онлайн оқиды. Университетінде кірер есік пен шығар есік бөлек, студенттердің барлығы «Ashyq» қосымшасы арқылы тексерістен өтуі керек. Ақжанның айтуынша, әр кабинет алдында антисептик пен колданылған медмасканы тастайтын қоқыс жәшіктері қойылған.

 

Бізде арақашықтық сақтау жоқ. Дәліздерде де оны ескертіп жүрген ешкімді көрмедім. Менің тобымда 30 студент бар, бір партада екі адам отыра береміз. Студенттердің көбі 18 жасқа толмағандықтан вакцина алмаған. Әр апта сайын ПТР тестілеуден өту жайлы әңгіме әлі айтылмады, – дейді студент.

Пікір жинаған Ақдидар Әбдімәулен, СДУ Журналистика мектебінің студенті.

Image by Jan Vašek from Pixabay 

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: БҚО-дағы эвакуациялау пункттерінде 603 оқушы онлайн оқып жатыр

16.04.2024

Онлайн оқудың азабы. Студенттер сөйлейді

15.03.2021

Студенттер онлайн оқуға қарсы

16.09.2020

Көпбалалы әке: Мемлекеттен көмек күтсең, аштан өлесің

02.09.2020

Қашықтан оқу: студенттер тағы тау мен шатырға шығып оқи ма?

26.08.2020
MalimBlocks
Су тасқыны: БҚО-дағы эвакуациялау пункттерінде 603 оқушы онлайн оқып жатыр

Эвакуациялық орталық студенттердің онлайн оқуы үшін компьютерлер, құлаққаптар және интернетпен жабдықталған оқу кабинеттері бар.

Онлайн оқудың азабы. Студенттер сөйлейді

Студенттер онлайн оқуға қарсы

Көпбалалы әке: Мемлекеттен көмек күтсең, аштан өлесің

Қашықтан оқу: студенттер тағы тау мен шатырға шығып оқи ма?